Қазақстандықтар әуе билеттеріне артық ақша төлеп жүрген жоқ па: Билет құны тексеріледі

Редакция
13 қараша 2026, 11:31
Қазақстандықтар әуе билеттеріне артық ақша төлеп жүрген жоқ па: Билет құны тексеріледі Сурет авторы: depositphotos.com

Қазақстанда ішкі әуе рейстерінің құны мен тарифтердің қалыптасу тетіктері жан-жақты тексерілетін болды. Тиісті тапсырма Сауда және интеграция министрлігінде өткен Қоғамдық кеңес отырысында берілді.

Ведомствоның мәліметінше, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне, Көлік министрлігіне және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне бірлесіп әуе билеттерінің бағасына мониторинг жүргізу ұсынылған. Мамандар билет құнының қалай есептелетінін егжей-тегжейлі зерделемек. Сонымен қатар, жолаушыларға қолайлы болу үшін арнайы бағалар күнтізбесін және билет құнының өзгергені туралы хабарлама жіберу жүйесін енгізу мәселесін қарастыру ұсынылды.

Айтылған барлық бастамалар мен ұсынымдарды бейінді мемлекеттік органдар пысықтауы тиіс. Ал олардың нақты іске асырылу барысы Қоғамдық кеңестің тікелей бақылауында болады.

Соңғы жаңалықтар