Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды

Редакция
12 қараша 2026, 11:56
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды Сурет авторы: Кадры видео из соцсетей

11 қараша күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті ұстады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен өзге де тұлғалар қолға түсті.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде жерде шашылып жатқан доллар купюралары бейнеленген кадрлар тарауда. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл бейнежазба елордадағы «Атлант» тұрғын үй кешенінде жүргізілген ұстау шарасы кезінде түсірілген.

Соңғы жаңалықтар