Журналистикадағы тұлғалар - шеберлік мектебі
Сурет авторы: Жеке архивтен
Мен ұлттық құндылықтарды насихаттайтын мәртебелі мамандық иесі журналист болғым келеді.
Қасиетті қалам иесі болу арманымның мәні – халыққа қызмет ету, қоғамдағы шындықты жеткізу. Журналистика – халықтың көзі, құлағы, тілі. Ол арқылы ақпарат тарайды, қоғамдық пікір қалыптасады, әділеттілікке шақырылады. Журналист – жай ғана жазушы емес, ол қоғамның айнасы. Оның қаламы – қару, ал қаруы халыққа қызмет етуге бағытталған.
Мен қазақ журналистикасының жұлдыздарына қарап өстім. Шерхан Мұртаза – шындықтың шырақшысы, оның әр сөзі халықтың жүрегіне жетті. Шархан Қазығұл өткір ойымен қоғамдағы кемшілікті ашық айтты. Қайнар Олжай сөздің зергері ретінде мақалаларымен халықты ойландырды. Қали Сәрсенбай ұлттық рухты көтеріп, қазақтың құндылықтарын дәріптеді. Талғат Батырхан, Мейрамбек Төлепберген, Көсемәлі Сәттібайұлы – жас қаламгерлерге үлгі. Осылардай болғым келеді, осылардай халыққа қызмет еткім келеді.
Жалпы қасиетті Тараз өңірінен шыққан белгілі журналистер аз емес. Олардың әрқайсысы жеке бір шеберлік мектебі болуға лайық деп сеніммен айта алам.
Журналист болу – тек мамандық емес, ол – ұлтқа қызмет ету парызы. Журналист халықтың сөзін сөйлейді, ұлттық құндылықтарды дәріптейді, әділеттілікке шақырады. Менің жүрегімде ұлттық рух бар. Ұлттық дәстүрді, салтты, тілді қорғағым келеді. Журналистика арқылы осыны жеткізгімкеледі. Арманым – халқымның сөзін айту, елдің намысын қорғау.
Қазіргі дәстүрлі журналистика үлкен өзгерістерге түсіп жатыр. Ақпарат тарату тәсілдері, аудиторияның сұранысы, жаңа медиа құралдары күн сайын жаңарып келеді. Ендігі кезекте жас журналистер үшін жасанды интеллект қолдану қажеттілікке айналды. ЖИ тек техникалық жағынан көмекші құрал бола алады: деректерді өңдеу, ақпаратты тез табу, мәтінді редакциялау сияқты жұмыстарды жеңілдетеді. Бірақ ең бастысы– мақаланы адам өз ойымен, өз санасымен жазуы тиіс. Журналистің міндеті – халыққа шындықты жеткізу, ұлттық мүддеге қызмет ету. ЖИ – көмекші, ал ой мен жүрек – журналистің басты қаруы.
Мен биыл мектепті аяқтап отырмын. Алдымда үлкен жол тұр. Ұлттық университетке түсуді мақсат еттім. Себебі университетте соңғы заманауи медиа технологияларды игеру мүмкіндігі бар. Бұл – болашақ журналист үшін аса маңызды. Жаңа технологияларды меңгеру арқылы мен өзімнің кәсіби деңгейімді көтеріп, халыққа сапалы ақпарат жеткізе аламын.
Менің ойым қысқа болса да, жүрегімде жалын бар. Журналист болу – арманым. Арманым орындалса, халқым үшін еңбек етемін. Арманым орындалса, қаламыммен елге қызмет етемін. Журналистика – менің өмірлік жолым, ал университетке түсу – сол жолдағы алғашқы үлкен қадамым. Қазір осы жолда ізденіп жүрмін.
Болашақта журналист шеберлігіне баптайтын оқу ордасына түссем, осы саланың нақты маманы болу үшін бар күшімді салатын боламын. Бұл мақсатыма жету үшін жан-жақты ізденіп, әдеби кітаптарды көп оқитын болам. Атам қазақ: «Ізденген жетер мұратқа» деген ғой. Сондықтан мен сөз киесін терең игеріп, қаламымды өмір бойы серік еткім келеді. Бұл асыл арманға қол жеткізетініме сенімдімін.
Дамира Пернебек,
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы
Тараз қаласы,
Жамбыл облысы
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады
1 сағат бұрын
-
51 тың бастама: Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бақылауды күшейту тетіктері талқыланды
2 сағат бұрын
-
Адал еңбек пен озық технология Түркістан жұртшылығы жаңа тарихи кезеңнің талаптарын талқылады
2 сағат бұрын
-
155 миллион теңгеге жабдықталған орталық: ШҚО ауылындағы мәдениет үйі танымастай жаңарды
4 сағат бұрын
-
Ағзаны үнсіз бұзатын дерт Алматылық дәрігерлер қант диабетінің қауіпті белгілерін атады
6 сағат бұрын
-
«Заң бәріне ортақ»: белсенді «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді
6 сағат бұрын
-
Қазақстан ажырасудан әлем бойынша екінші орында тұрғаны рас па
8 сағат бұрын
-
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады
9 сағат бұрын
-
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады
9 сағат бұрын
-
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды
9 сағат бұрын
-
Баспана бағасының өсуі елді дүрліктірді: Испанияда соңғы 14 жылдағы ең ірі ереуіл өтті
10 сағат бұрын
-
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан төмендеп келеді
10 сағат бұрын
-
Қанша қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты?
10 сағат бұрын
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
11 сағат бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
11 сағат бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
11 сағат бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
1 күн бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
1 күн бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
1 күн бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
1 күн бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ғылым саласына бөлінген 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды
1 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға жұмсалған 22 миллиард теңге күтілген нәтижені берген жоқ
1 күн бұрын
-
Болгарияда аза тұту күні:86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Қытайда адам орнына еңбек ететін роботтар дәуірі басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
2 күн бұрын
-
«Тақталарды менің шеберханамның алдына түсіргенін Боқаевтың видеосынан ғана білдім» – құлпытас шеберханасының иесі
2 күн бұрын
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
2 күн бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
2 күн бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
2 күн бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
2 күн бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
2 күн бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
2 күн бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
2 күн бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
2 күн бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
2 күн бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
2 күн бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
2 күн бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
3 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
3 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
3 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
3 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
3 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
3 күн бұрын