Жапония мен Қазақстан «жасыл экономика» бағытында жаңа жобаларды талқылады
Сурет авторы: Qrnews
Бүгін Астана қаласында Жапонияның жетекші компанияларының декарбонизация және экологиялық технологиялар бойынша таныстырылымы өтті. Іс-шараға Токио губернаторы Юрико Коикэ қатысты.
Форум Radisson Hotel Astana қонақүйінде ұйымдастырылып, оны Жапония Үкіметі, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы бірлесіп өткізді. Кездесу Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық және технологиялық әріптестікті нығайтуға бағытталды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес қауымдастық және жапон компанияларының делегациясы қатысты. Тараптар тұрақты даму, экологиялық қауіпсіздік және «жасыл» экономикаға көшу мәселелерін талқылады.
Жиында «KAZAKH INVEST» АҚ Азиямен ынтымақтастық жөніндегі жобалар жетекшісі Алия Абдильдина сөз сөйлеп, Қазақстанның инвестициялық саясаты мен болашақ бағытына тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтарап мемлекет болуды мақсат етіп отыр және осы бағытта жүйелі реформалар жүргізіп келеді.
«Қазақстан бүгінде жаңа инвестициялық орталық ретінде қалыптасып келеді. Kazakh Invest – шетелдік инвесторлар үшін ашық терезе, болашақ мүмкіндіктерге жол ашатын алаң», – деді ол.
Сонымен қатар, спикер Жапонияның іскерлік мәдениетіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, жапон бизнесінің негізгі құндылықтары – сапа, жауапкершілік және мінсіздік, бұл Қазақстанмен ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуда маңызды рөл атқарады.
Бағдарлама барысында бірнеше жапон компаниясы өз технологиялық шешімдерін ұсынды. Олар Aeronext Inc., SAKIGAKE JAPAN Corporation, ZEPHYR CORPORATION, SORAMITSU CBDC және Revo International Inc. компаниялары. Олар дрон технологиялары, күн және жел энергетикасы, биоэнергетика және көміртек нарығына қатысты инновациялық жобаларын таныстырды. Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Каримсаков өз сөзінде Қазақстанның Жапониямен технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше мән беретінін атап өтті. Оның айтуынша, жапон тәжірибесі өндірістік тиімділікті арттыруға және экологиялық шешімдерді енгізуге үлкен мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Қазақстанда экономиканы жаңғырту, цифрландыру және декарбонизация бағытындағы реформалар белсенді түрде жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Жапон компанияларының қатысуы бұл процесті одан әрі жеделдетуге ықпал етпек.
Форум аясында нетворкинг және B2B кездесулер ұйымдастырылып, екі елдің бизнес өкілдері тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды. Бұл өзара тиімді жобаларды талқылауға және жаңа серіктестік бағыттарын анықтауға жол ашты.
Жиын барысында Қазақстан–Жапония комитетінің тең төрағасы Сәбір Есімбеков те сөз сөйлеп, екі ел арасындағы экономикалық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сыртқы сауда палатасы алдағы уақытта да халықаралық әріптестікті дамытуға, инвестициялық байланыстарды нығайтуға және бірлескен жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.
Жарылқасын Шұғыла
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады
9 сағат бұрын
-
51 тың бастама: Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бақылауды күшейту тетіктері талқыланды
9 сағат бұрын
-
Адал еңбек пен озық технология Түркістан жұртшылығы жаңа тарихи кезеңнің талаптарын талқылады
9 сағат бұрын
-
155 миллион теңгеге жабдықталған орталық: ШҚО ауылындағы мәдениет үйі танымастай жаңарды
12 сағат бұрын
-
Ағзаны үнсіз бұзатын дерт Алматылық дәрігерлер қант диабетінің қауіпті белгілерін атады
14 сағат бұрын
-
«Заң бәріне ортақ»: белсенді «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді
14 сағат бұрын
-
Қазақстан ажырасудан әлем бойынша екінші орында тұрғаны рас па
16 сағат бұрын
-
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады
16 сағат бұрын
-
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады
16 сағат бұрын
-
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды
17 сағат бұрын
-
Баспана бағасының өсуі елді дүрліктірді: Испанияда соңғы 14 жылдағы ең ірі ереуіл өтті
17 сағат бұрын
-
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан төмендеп келеді
17 сағат бұрын
-
Қанша қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты?
18 сағат бұрын
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
18 сағат бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
19 сағат бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
19 сағат бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
1 күн бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
1 күн бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
1 күн бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
1 күн бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ғылым саласына бөлінген 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды
1 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға жұмсалған 22 миллиард теңге күтілген нәтижені берген жоқ
1 күн бұрын
-
Болгарияда аза тұту күні:86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Қытайда адам орнына еңбек ететін роботтар дәуірі басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
2 күн бұрын
-
«Тақталарды менің шеберханамның алдына түсіргенін Боқаевтың видеосынан ғана білдім» – құлпытас шеберханасының иесі
2 күн бұрын
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
2 күн бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
2 күн бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
2 күн бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
2 күн бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
2 күн бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
2 күн бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
2 күн бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
2 күн бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
2 күн бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
2 күн бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
2 күн бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
3 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
3 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
3 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
3 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
3 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
3 күн бұрын