Жамбыл облысында ауыл жастарының әлеуетін арттыруға арналған ауқымды форум өтті
Жамбыл облысы Тараз қаласындағы «Талбесік» этноорталығында 29–30 мамыр күндері «Auyl Jastary» республикалық жастар форумы өтті. Ауқымды іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 300-ге жуық белсенді ауыл жастары, «Ауыл» партиясы жастар қанатының өкілдері, жас мәслихат депутаттары, студенттік жасақ жетекшілері мен қоғам белсенділері қатысты.
Форумның негізгі мақсаты – ауыл жастарының көшбасшылық әлеуетін арттыру, өңіраралық ынтымақтастықты нығайту және ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған жаңа бастамаларға қолдау көрсету.

Форумның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің және «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев сөз сөйледі. Ол мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформалар мен алдағы 2026 жылдың «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» болып жариялануы жас ұрпақтың дамуына тікелей бағытталғанын атап өтті:
«Мемлекеттік саясат жас ұрпақтың әлеуетін толық ашуға, өз идеялары мен бастамаларын жүзеге асыруға, жан-жақты өзін-өзі дамытуына және жеке әрі ел дамуына үлес қосуына жағдай жасауға бағытталған. Бұл форум – өңірлерден келген бастамашыл жастарды біріктіретін, ауылдық аумақтарды дамыту мен цифрлық трансформация үдерістеріне жастарды тартуға бағытталған практикалық шешімдер ұсынатын алаң», — деді Серік Егізбаев.

Сонымен қатар іс-шара барысында Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерболат Саурықов, Мұқаш Ескендіров, Әбутәліп Мутәлі, «Auyl Jastar» жастар қанатының төрағасы Дәурен Рахымбек және бірқатар салалық сарапшылар мен менторлар баяндама жасап, қатысушыларға қолдау білдірді.

Екі күнге созылған форум аясында жастардың практикалық дағдыларын жетілдіруге арналған тимбилдингтер, семинар-тренингтер және зияткерлік пікірталастар ұйымдастырылды. Бағдарламаның екінші күні негізгі үш тақырыптық бағыт бойынша жалғасты:
- «AI Education Talks: Білімге жаңа көзқарас» – білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар мен жасанды интеллекттің рөлі талқыланды.
- «Business Talks: Идеядан табысқа» – ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту және агробизнесті несиелеу мүмкіндіктері сөз болды.
- «Motivation Talks: Жастарға серпін» – тұлғалық даму мен қоғамдық көшбасшылықты қалыптастыру мәселелеріне арналды.
Форумға қатысушы Жамбыл облысының өкілі Едіге Өсер өз сөзінде бұған дейін алған IT бағытындағы білімін ветеринария саласындағы республикалық «VetPro» кәсіби байқауында қолданып, жүлделі II орынға ие болғанын айтып, мұндай шаралардың жастар үшін нақты нәтиже беретін тиімділігін жоғары бағалады.
«Auyl Jastary» форумы ауыл жастарын заманауи білім мен технологияларды меңгеруге ынталандыратын және ел дамуына жауапкершілікпен қарайтын орта қалыптастыруға бағытталған маңызды диалог алаңына айналды. Шара соңы қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен «Auyl Party» концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

«Ауыл» партиясы алдағы уақытта да жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін қолдауға бағытталған жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыруды жалғастыратынын мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады
11 сағат бұрын
-
51 тың бастама: Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бақылауды күшейту тетіктері талқыланды
12 сағат бұрын
-
Адал еңбек пен озық технология Түркістан жұртшылығы жаңа тарихи кезеңнің талаптарын талқылады
12 сағат бұрын
-
155 миллион теңгеге жабдықталған орталық: ШҚО ауылындағы мәдениет үйі танымастай жаңарды
14 сағат бұрын
-
Ағзаны үнсіз бұзатын дерт Алматылық дәрігерлер қант диабетінің қауіпті белгілерін атады
16 сағат бұрын
-
«Заң бәріне ортақ»: белсенді «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді
17 сағат бұрын
-
Қазақстан ажырасудан әлем бойынша екінші орында тұрғаны рас па
18 сағат бұрын
-
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады
19 сағат бұрын
-
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады
19 сағат бұрын
-
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды
19 сағат бұрын
-
Баспана бағасының өсуі елді дүрліктірді: Испанияда соңғы 14 жылдағы ең ірі ереуіл өтті
20 сағат бұрын
-
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан төмендеп келеді
20 сағат бұрын
-
Қанша қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты?
20 сағат бұрын
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
21 сағат бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
21 сағат бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
21 сағат бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
1 күн бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
1 күн бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
1 күн бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
1 күн бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ғылым саласына бөлінген 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды
1 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға жұмсалған 22 миллиард теңге күтілген нәтижені берген жоқ
1 күн бұрын
-
Болгарияда аза тұту күні:86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Қытайда адам орнына еңбек ететін роботтар дәуірі басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
2 күн бұрын
-
«Тақталарды менің шеберханамның алдына түсіргенін Боқаевтың видеосынан ғана білдім» – құлпытас шеберханасының иесі
2 күн бұрын
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
2 күн бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
2 күн бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
2 күн бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
2 күн бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
2 күн бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
2 күн бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
2 күн бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
2 күн бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
2 күн бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
2 күн бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
2 күн бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
3 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
3 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
3 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
3 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
3 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
3 күн бұрын