Шығыс Салбурыны-2026» фестивалі аясында Қазақстанда алғаш рет құсбегіліктен Азияның ашық кубогы сарапқа салынуда
Сурет авторы: ШҚО баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан өңірі екі күн бойы саятшылық пен құсбегілік өнерін серік еткен халықаралық шеберлердің бас қосатын басты алаңына айналды. Ағымдағы жылдың 9 қазанында Ұлан ауданына қарасты Бозанбай елді мекенінде бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Шығыс Салбурыны-2026» халықаралық фестивалі өз жұмысын ресми түрде бастады. Биылғы ауқымды шараның басты ерекшелігі – оның аясында тұңғыш рет құсбегіліктен Азияның ашық кубогы бәсекесі өткізілуде. Халықаралық турнирге әлемнің тоғыз елінен 150-ге жуық саятшы қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі баспасөз қызметі.
Арнайы дайындалған «Бүркіт төбе» табиғи алаңында жиналған бүркітшілер, сұңқаршылар мен қаршығашылар жыртқыш құстарды баптаудың, қолға үйретудің және олармен аң аулаудың бірегей шеберлігін көпшілік назарына ұсынуда. Қатысушылар үшін бұл тек спорттық жарыс қана емес, көпжылдық төзімділікті, терең тәжірибені және қанатты аңшымен рухани үйлесімділікті талап ететін ежелгі өнер түрі болып табылады. Саятшылар бүркіт, сұңқар және қаршыға салып, өз мемлекеттеріндегі саятшылық дәстүрлері мен ұлттық ерекшеліктерін паш етуде.

«Шығыс Салбурыны» халықаралық фестивалінің тарихы Бозанбай ауылында өткізілген жергілікті бүркітшілер сайысынан бастау алған болатын. Алғаш рет 2021 жылы «Қансонар» деген атаумен ұйымдастырылған бұл шара, 2022 жылдан бастап халықаралық мәртебеге ие болып, «Шығыс Салбурыны» брендімен тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда жоба жаңа стратегиялық деңгейге көтеріліп, Шығыс Қазақстан аймағында алғаш рет дәстүрлі құсбегілік спорт түрінен Азия кубогы сарапқа салынуда. Бұдан бөлек, аталған этноауыл фестивалі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2026 жылға арналған бекітілген ірі халықаралық іс-шаралар күнтізбесіне ресми түрде енгізілген.
Фестивальдің бағдарламасы тек құсбегілер бәсекесімен шектелмей, ұлттық спорт түрлерінен де тартысты жарыстарды қамтиды. Келген меймандар мен қала қонақтары тазы иттердің жарысын, жабайы асау жылқыларды құрықтау мен үйрету өнерін, жаужүрек ат үстінде садақ атуды және жүйрік атпен шауып келе жатып теңге ілу сайыстарын тамашалай алады. Сондай-ақ, шара аясында қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылған ауқымды көрме-жәрмеңке ұйымдастырылып, белгілі отандық өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылуда. Ал негізгі финалдық сайыстар мен халықаралық турнир жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі 10 қазанға жоспарланған.

«Шығыс Салбурыны – 2026» фестивалінің өңір үшін мәдени және рухани маңызы өте жоғары. Шығыс Қазақстан облысында жыртқыш құстармен аң аулаудың байырғы дәстүрін сақтау және бұл ұлттық өнерді келешек ұрпаққа жеткізу бағытында жүйелі мемлекеттік саясат жүргізілуде. Ағымдағы жылы өңірге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының өкілдері арнайы келіп, осы салада іске асырылып жатқан жобалармен танысқан болатын.
Халықаралық комиссия өкілдері Бозанбай ауылында арғы бабалардан жеткен көне дәстүрлерді сақтауға және бірегей саятшылық шеберлікті жаңғыртуға барлық қажетті жағдайлардың жасалғанын жоғары бағалады. Олардың пайымдауынша, құсбегілік өнерінің майталмандары өздерінің бай тәжірибесін тек отандық әріптестерімен ғана емес, шетелдік қонақтармен де белсенді түрде бөлісуі стратегиялық тұрғыдан маңызды.
Бұл бірегей дәстүрдің халықаралық аренада мойындалу әлеуеті өте жоғары. ЮНЕСКО-ның 2026 жылға арналған ресми құжаттарында тазы тұқымы мен бүркіт салу өнеріне қатысты фестивальді Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізу жөніндегі халықаралық өтінім тіркелген. Ал құсбегілік өнерінің өзі бұған дейін аталған жаһандық тізімге сәтті енгізілген болатын. Осылайша, Қазақстан да аталған беделді халықаралық номинацияға толыққанды қатысушы мемлекеттердің бірі ретінде танылып отыр.
«Шығыс Салбурыны» – бұл жай ғана спорттық-мәдени фестиваль емес, бұл – Ұлы дала көшпенділерінің ғасырлар бойы сақталған баға жетпес рухани мұрасы. Ол жоғары деңгейдегі спорттық бәсекені, әлем халықтарының мәдениетін тоғыстыруды және ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата-баба дәстүрін дәріптеуді бір арнаға тоғыстырады. Бозанбай елді мекені үшін бұл халықаралық деңгейде танымал туристік орталыққа айналуға берілген бірегей мүмкіндік болып табылады. Ал өңірге келген қонақтар үшін бұл көшпенділердің көне өнерін мұражай экспонаттары арқылы емес, өз көздерімен көріп, шынайы әсер алуға жол ашатын ауқымды оқиға болып саналады.
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады
13 сағат бұрын
-
51 тың бастама: Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бақылауды күшейту тетіктері талқыланды
13 сағат бұрын
-
Адал еңбек пен озық технология Түркістан жұртшылығы жаңа тарихи кезеңнің талаптарын талқылады
13 сағат бұрын
-
155 миллион теңгеге жабдықталған орталық: ШҚО ауылындағы мәдениет үйі танымастай жаңарды
16 сағат бұрын
-
Ағзаны үнсіз бұзатын дерт Алматылық дәрігерлер қант диабетінің қауіпті белгілерін атады
18 сағат бұрын
-
«Заң бәріне ортақ»: белсенді «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді
18 сағат бұрын
-
Қазақстан ажырасудан әлем бойынша екінші орында тұрғаны рас па
20 сағат бұрын
-
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады
20 сағат бұрын
-
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады
21 сағат бұрын
-
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды
21 сағат бұрын
-
Баспана бағасының өсуі елді дүрліктірді: Испанияда соңғы 14 жылдағы ең ірі ереуіл өтті
22 сағат бұрын
-
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан төмендеп келеді
22 сағат бұрын
-
Қанша қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты?
22 сағат бұрын
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
23 сағат бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
23 сағат бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
23 сағат бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
1 күн бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
1 күн бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
1 күн бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
1 күн бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ғылым саласына бөлінген 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды
1 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға жұмсалған 22 миллиард теңге күтілген нәтижені берген жоқ
1 күн бұрын
-
Болгарияда аза тұту күні:86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Қытайда адам орнына еңбек ететін роботтар дәуірі басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
2 күн бұрын
-
«Тақталарды менің шеберханамның алдына түсіргенін Боқаевтың видеосынан ғана білдім» – құлпытас шеберханасының иесі
2 күн бұрын
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
2 күн бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
2 күн бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
2 күн бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
2 күн бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
2 күн бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
2 күн бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
2 күн бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
2 күн бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
2 күн бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
3 күн бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
3 күн бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
3 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
3 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
3 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
3 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
3 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
3 күн бұрын