Шығыс Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сирек жер металдары өндірісіне серпін беретін ауқымды бастама қолға алынды
Сурет авторы: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысында стратегиялық мәні жоғары сирек кездесетін жер металдары мен бағалы пайдалы қазбаларды өндірудің, сондай-ақ оларды терең өңдеудің жаңа дәуірін ашатын Жобалық кеңсе ресми түрде құрылып, оның жанынан заманауи ғылыми-техникалық орталық ұйымдастырылып жатыр. Өңірдегі осы маңызды саланы жүйелі түрде өркендетіп, барлық бағыттағы күш-жігерді бір арнаға тоғыстыруға арналған арнайы жиынға аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі баспасөз қызметі.
Жиын барысында өңір басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа индустриялық саясаттағы басымдықтарына тоқталып, сирек жер металдарын кешенді игеру, геологиялық барлау ауқымын кеңейту, озық технологияларды тарту және шикізатты тек сыртқа тасымалдамай, ел ішінде терең өңдеу қажеттігін еске салды. Тарихи тұрғыдан еліміздің негізгі тау-кен, металлургия және геология тірегі болып табылатын Шығыс Қазақстанның әлеуеті бұл бағытта өте жоғары. Сол себепті геологиялық ізденісті, отандық ғылымды, өндірісті, технология мен инвестицияны біртұтас жүйеге ұштастыратын нақты жұмыс тетігін қалыптастыру аса маңызды.

Жаңадан құрылған Жобалық кеңсе жалаң статистика жүргізумен шектелмей, болашағы бар жобаларды алғашқы геологиялық барлаудан бастап зертханалық сынақтар, технологиялық шешімдер, инвестор тарту және өнеркәсіптік деңгейде игеруге дейінгі барлық кезеңдерде жан-жақты сүйемелдейді. Айта кетерлігі, бұл кеңсе мемлекеттік мекемелердің өкілеттіктерін қайталамайды. Лицензиялау, мемлекеттік геологиялық бақылау, сараптама және өзге де рұқсат ету функциялары заңнамаға сәйкес құзырлы мемлекеттік органдардың қарамағында қалады. Ал кеңсенің басты міндеті - ведомствоаралық жедел үйлестіруді қамтамасыз ету, аналитикалық материалдарды әзірлеу және нақты жобалардың іске асуын жеделдету.
Бұл жауапты бағыттағы Жобалық кеңсенің жұмысына басшылық ету міндеті тау-кен өнеркәсібі мен қатты пайдалы қазбалар саласында мол тәжірибесі бар облыс әкімінің кеңесшісі Нұрбол Нұрғалиевке жүктелді.
Сонымен қатар аймақтың ғылыми әлеуетін нақты өндірістік қажеттіліктермен ұштастыру үшін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің (ШҚТУ) базасында ғылыми-техникалық орталық құрылады. Бұл орталық Жобалық кеңсенің басты ғылыми-технологиялық платформасына айналып, университет базасындағы заманауи зертханалар мен халықаралық байланыстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Орталық аясында гранттық қаржыландыру өтінімдерін дайындау, қолданбалы зерттеулер жүргізу, жаңа технологияларды сынақтан өткізу және салаға қажетті кадрларды даярлау жұмыстары қолға алынады.
Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов бейінді басқармалардың бұл жұмысқа белсенді атсалысуы қажеттігін атап өтіп, басты көрсеткіш қағазбастылық емес, нақты геологиялық деректер, тиімді технологиялық шешімдер, тартылған инвестициялар мен ел ішінде шикізатты терең өңдеуге жол ашатын жобалар болуы тиістігін қадап айтты. Кеңсенің жұмысы апта сайынғы кеңестерде пысықталып, ай сайын облыс әкімінің бірінші орынбасарына, ал тоқсан сайын облыс әкімінің өзіне есеп беріліп отырады.
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады
12 сағат бұрын
-
51 тың бастама: Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бақылауды күшейту тетіктері талқыланды
13 сағат бұрын
-
Адал еңбек пен озық технология Түркістан жұртшылығы жаңа тарихи кезеңнің талаптарын талқылады
13 сағат бұрын
-
155 миллион теңгеге жабдықталған орталық: ШҚО ауылындағы мәдениет үйі танымастай жаңарды
15 сағат бұрын
-
Ағзаны үнсіз бұзатын дерт Алматылық дәрігерлер қант диабетінің қауіпті белгілерін атады
17 сағат бұрын
-
«Заң бәріне ортақ»: белсенді «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді
17 сағат бұрын
-
Қазақстан ажырасудан әлем бойынша екінші орында тұрғаны рас па
19 сағат бұрын
-
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады
20 сағат бұрын
-
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады
20 сағат бұрын
-
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды
20 сағат бұрын
-
Баспана бағасының өсуі елді дүрліктірді: Испанияда соңғы 14 жылдағы ең ірі ереуіл өтті
21 сағат бұрын
-
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан төмендеп келеді
21 сағат бұрын
-
Қанша қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты?
21 сағат бұрын
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
22 сағат бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
22 сағат бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
22 сағат бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
1 күн бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
1 күн бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
1 күн бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
1 күн бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ғылым саласына бөлінген 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды
1 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға жұмсалған 22 миллиард теңге күтілген нәтижені берген жоқ
1 күн бұрын
-
Болгарияда аза тұту күні:86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Қытайда адам орнына еңбек ететін роботтар дәуірі басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
2 күн бұрын
-
«Тақталарды менің шеберханамның алдына түсіргенін Боқаевтың видеосынан ғана білдім» – құлпытас шеберханасының иесі
2 күн бұрын
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
2 күн бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
2 күн бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
2 күн бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
2 күн бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
2 күн бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
2 күн бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
2 күн бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
2 күн бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
2 күн бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
2 күн бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
2 күн бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
3 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
3 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
3 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
3 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
3 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
3 күн бұрын