«Саналы ұрпақ» жобасы: Ақтауда алғашқы ата-аналар жиналысы өтті

Редакция
19 қыркүйек 2026, 17:56
«Саналы ұрпақ» жобасы: Ақтауда алғашқы ата-аналар жиналысы өтті Сурет авторы: ЖИ QRNews

2026 жылғы 19 қыркүйекте «Атадан Мирас» қоғамдық қорының «Саналы ұрпақ» жобасы аясында 2026–2027 оқу жылына арналған алғашқы ата-аналар жиналысы өтті.

Кездесудің басты мақсаты — жаңа оқу жылындағы білім беру бағыттарын айқындау, ата-аналармен байланысты нығайту және оқушылардың сапалы білім алуына бірлесіп жағдай жасау.

Жиында алдағы оқу жылының мақсат-міндеттері, білім беру бағдарламалары, оқу тәртібі және оқушылардың жетістікке жету жолдары талқыланды. Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Қор өкілдері баланың болашағы үшін жауапкершілік тек ұстазға емес, ата-ана мен бүкіл қоғамға тән екенін атап өтті. Жобаның түпкі мақсаты: әрбір оқушының қабілетін ашып, білім көкжиегін кеңейту.

Қор туралы

«Атадан Мирас» қоғамдық қоры әлеуметтік бағыттағы жобаларды жүзеге асырады. Жуырда қор «Береке» жобасы аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж 300-ден астам отбасыға азық-түлік қораптарын таратқан. Қор қайырымдылықты тұрақты дәстүрге айналдыруды және жастар арасында ізгілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруды мақсат етеді

Соңғы жаңалықтар