Пара алып, алаяқтықпен айналысқан байланыс орталықтарын қорғаған: Украинада прокуратура қызметкерлеріне қатысты іс қозғалды
Сурет авторы: recraft
Украинада Бас прокурор кеңсесінің қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан байланыс орталықтарының жұмысына кедергі келтірмеу үшін пара алып отырған деген күдікке ілінді. Елдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы мен Мамандандырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратурасы қылмыстық ұйымның әшкереленгенін мәлімдеді, деп хабарлады BBC-дің орыс қызметі.
Тергеу дерегінше, 2025 жылдың ортасында Бас прокуратурадағы шенеуніктердің бірі алаяқтықпен айланысқан байланыс орталықтарына қамқорлық жасап, олардан ақша алып отырған топ құрған. Қылмыстық ұйымдағы негізгі рөлдердің бірін Бас прокурор кеңсесінің лауазымды қызметкері атқарды деген күдік бар.
Тергеу нұсқасы бойынша, топ мүшелері байланыс орталықтарының қызметіне араласпағаны үшін пара алып, кейін ақшаны түрлі қаржы тетіктері арқылы заңдастырған. Соның ішінде 20 млн гривнадан астам қаражатты, шамамен 447 мың долларды, жылжымайтын мүлік, зергерлік бұйымдар мен басқа да құнды заттар сатып алуға жұмсаған.
Бұдан бөлек, ұйым басшысы 12 млн гривнадан астам активті үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген деген күдік бар. Оның арасында Карпаттағы танымал кешендердің біріндегі жылжымайтын мүлік те болған. Тағы 10 млн гривнадан астам қаражат туыстары мен жақындарының есепшоттарына аударылып, кәсіпкерліктен түскен табыс ретінде көрсетілген.
Қазір тергеу бес күдіктіні анықтады. Оларға қылмыстық ұйым құру және оның жұмысына қатысу, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру айыптары тағылып отыр.
Жексенбіде Украинаның Жоғары сыбайлас жемқорлыққа қарсы соты Бас прокурор кеңсесінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Сергей Крапиваны қамауға алды. «Украинская правда» дереккөздеріне сүйеніп, Крапиваның тергеудегі негізгі тұлға екенін және демалыс күндері Бас прокурор кеңсесінде тінту жүргізілгенін жазды.
Бұқаралық ақпарат құралдары бұл іске Украина бас прокуроры Руслан Кравченконың да қатысы болуы мүмкін екенін хабарлаған. Алайда Кравченко мұны жоққа шығарып, заңсыз байланыс орталықтарына қамқорлық жасауға еш қатысы жоқ екенін, мұндай тапсырма бермегенін және Бас прокурор өкілеттігін бұл мақсатта пайдаланбағанын мәлімдеді.
Кравченко тергеуде аты аталған Бас прокурор кеңсесінің қызметкері міндетін атқарудан шеттетілгенін хабарлады. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық департаменті мен киберқылмысқа қарсы бөлімшенің жұмысын тексеру тапсырылған. Заңсыз байланыс орталықтарына қатысты істермен айналысқан прокуратура қызметкерлері полиграф тексеруінен өтпек.
Бас прокурордың мәліметінше, соңғы бір жылда Украина құқық қорғау органдары 1050-ден астам тінту жүргізіп, шамамен 340 заңсыз байланыс орталығы мен 5 мыңнан астам жұмыс орнын жапқан.
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады
11 сағат бұрын
-
51 тың бастама: Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бақылауды күшейту тетіктері талқыланды
11 сағат бұрын
-
Адал еңбек пен озық технология Түркістан жұртшылығы жаңа тарихи кезеңнің талаптарын талқылады
11 сағат бұрын
-
155 миллион теңгеге жабдықталған орталық: ШҚО ауылындағы мәдениет үйі танымастай жаңарды
13 сағат бұрын
-
Ағзаны үнсіз бұзатын дерт Алматылық дәрігерлер қант диабетінің қауіпті белгілерін атады
16 сағат бұрын
-
«Заң бәріне ортақ»: белсенді «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді
16 сағат бұрын
-
Қазақстан ажырасудан әлем бойынша екінші орында тұрғаны рас па
18 сағат бұрын
-
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады
18 сағат бұрын
-
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады
18 сағат бұрын
-
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды
19 сағат бұрын
-
Баспана бағасының өсуі елді дүрліктірді: Испанияда соңғы 14 жылдағы ең ірі ереуіл өтті
19 сағат бұрын
-
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан төмендеп келеді
19 сағат бұрын
-
Қанша қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты?
20 сағат бұрын
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
20 сағат бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
20 сағат бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
21 сағат бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
1 күн бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
1 күн бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
1 күн бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
1 күн бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ғылым саласына бөлінген 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды
1 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға жұмсалған 22 миллиард теңге күтілген нәтижені берген жоқ
1 күн бұрын
-
Болгарияда аза тұту күні:86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Қытайда адам орнына еңбек ететін роботтар дәуірі басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
2 күн бұрын
-
«Тақталарды менің шеберханамның алдына түсіргенін Боқаевтың видеосынан ғана білдім» – құлпытас шеберханасының иесі
2 күн бұрын
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
2 күн бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
2 күн бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
2 күн бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
2 күн бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
2 күн бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
2 күн бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
2 күн бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
2 күн бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
2 күн бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
2 күн бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
2 күн бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
3 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
3 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
3 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
3 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
3 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
3 күн бұрын