Неге биыл Абай сыйлығы берілмеді: Қарин сыйлықты беру тәртібі қалай өзгеретінін айтты
Сурет авторы: Ақорда
Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру тәртібі мен ережесіне үлкен өзгеріс енгізіледі. Вице-президент, сыйлық жөніндегі комиссия төрағасы Ерлан Қарин биыл марапаттың неге ешкімге берілмегенін түсіндіріп, жүйеге тұтастай реформа қажет екенін мәлімдеді.
Қариннің айтуынша, биыл ұсынылған туындылардың барлығы дауысқа салынғанымен, бірде-бір жұмыс комиссия мүшелерінің айқын басым даусын жинай алмаған. Керісінше, туындыларды қолдамаған немесе қалыс қалған комиссия мүшелерінің үлесі басым болған.
«Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық. Осының аражігін ажыратып алған дұрыс», – деді Қарин.
Ол белгілі бір адамды ренжітпеу немесе оның беделіне бола марапат беру өнердің дамуына да, мемлекеттік сыйлықтың мәртебесіне де пайда әкелмейтінін атап өтті.
Не өзгереді?
Қариннің сөзінше, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың талаптары мен оны беру тәртібі ғана емес, марапаттың мазмұны мен сипаты да өзгеруі керек.
Ол Нобель сыйлығын мысалға келтіріп, беделді марапат адамның белгілі бір жасқа толуына емес, жаңалық пен жаңашылдыққа берілетінін айтты. Осыған байланысты Абай сыйлығына да автордың мерейтойын, материалдық жағдайын немесе басқа жеке себептерді негіз етіп ұсыну тәжірибесінен бас тарту қажет деп есептейді.
«Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты мерейтой иесіне, үміткердің материалдық жағдайына және басқадай себептерге байланысты ұсыну жалпы дұрыс емес. Сондықтан мемлекеттік сыйлық тәртібі мен ережесіне үлкен өзгеріс енгіземіз», – деді Қарин.
Комиссияның қорытынды отырысында реформаның бірнеше нақты бағыты да ұсынылды. Атап айтқанда, туындыларды бағалау шарттарын қайта қарау, сараптамалық сүйемелдеу тетіктерін жетілдіру және байқауға іріктеу рәсімдерін жүйелеу көзделіп отыр.
Алайда жаңа талаптардың нақты қандай болатыны, олар қашан бекітілетіні және келесі байқаудан бастап қолданыла ма деген мәселе әзірге нақтыланған жоқ.
Неге биыл сыйлық берілмеді?
2026 жылғы байқауға бастапқыда әдебиет пен өнер саласындағы 32 жұмыс ұсынылған. Оның жетеуі екінші кезеңге өтті. Финалда әдебиет, театр, музыка және бейнелеу өнері салаларындағы осы жұмыстар қаралды.
Дауыс беру нәтижесінде комиссия олардың ешқайсысы бойынша ортақ келісімге келе алмады. Соның нәтижесінде биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты ешкімге бермеу туралы шешім қабылданды.
Қарин мұндай жағдай мемлекеттік сыйлықтар тарихында бұрын да болғанын еске салды. 2023 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлық лайықты жұмыстар болмағандықтан берілмеген.
Оның мәліметінше, 2000 жылдардан бері Абай атындағы мемлекеттік сыйлық 60-қа жуық адамға табысталған. Президент шешімімен сыйлық иегерлеріне берілетін ақшалай марапат та ұлғайтылған.
Қариннің пікірінше, сыйлықтың мәртебесі мен мемлекет тарапынан берілетін қолдау артқан сайын оған ұсынылатын туындыларға қойылатын талап та соған сай болуы керек.
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады
12 сағат бұрын
-
51 тың бастама: Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бақылауды күшейту тетіктері талқыланды
12 сағат бұрын
-
Адал еңбек пен озық технология Түркістан жұртшылығы жаңа тарихи кезеңнің талаптарын талқылады
12 сағат бұрын
-
155 миллион теңгеге жабдықталған орталық: ШҚО ауылындағы мәдениет үйі танымастай жаңарды
15 сағат бұрын
-
Ағзаны үнсіз бұзатын дерт Алматылық дәрігерлер қант диабетінің қауіпті белгілерін атады
17 сағат бұрын
-
«Заң бәріне ортақ»: белсенді «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді
17 сағат бұрын
-
Қазақстан ажырасудан әлем бойынша екінші орында тұрғаны рас па
19 сағат бұрын
-
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады
19 сағат бұрын
-
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады
19 сағат бұрын
-
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды
20 сағат бұрын
-
Баспана бағасының өсуі елді дүрліктірді: Испанияда соңғы 14 жылдағы ең ірі ереуіл өтті
20 сағат бұрын
-
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан төмендеп келеді
21 сағат бұрын
-
Қанша қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты?
21 сағат бұрын
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
21 сағат бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
22 сағат бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
22 сағат бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
1 күн бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
1 күн бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
1 күн бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
1 күн бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ғылым саласына бөлінген 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды
1 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға жұмсалған 22 миллиард теңге күтілген нәтижені берген жоқ
1 күн бұрын
-
Болгарияда аза тұту күні:86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Қытайда адам орнына еңбек ететін роботтар дәуірі басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
2 күн бұрын
-
«Тақталарды менің шеберханамның алдына түсіргенін Боқаевтың видеосынан ғана білдім» – құлпытас шеберханасының иесі
2 күн бұрын
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
2 күн бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
2 күн бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
2 күн бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
2 күн бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
2 күн бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
2 күн бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
2 күн бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
2 күн бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
2 күн бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
2 күн бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
2 күн бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
3 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
3 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
3 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
3 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
3 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
3 күн бұрын