Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
Сурет авторы: Қазақстан Халық Кеңесі
Оралда Қазақстан Халық Кеңесінің ұйымдастыруымен «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумы өтті. Жиынға Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов, қоғам өкілдері, белсенді аналар мен сарапшылар қатысты. Форумға мыңнан астам адам жиналды.
Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстан Халық Кеңесінің өңірлерде өткізген алғашқы іс-шарасы.
Форумды ашқан Ерлан Қошанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысушыларға арналған құттықтау хатын оқып берді. Мемлекет басшысы жиынның ұлттық тәрбие мен қоғамдық мәдениеттің сабақтастығын дәріптеудегі маңызына тоқталды.
«Конституция – еліміздің өсіп-өркендеуіне жол ашатын қастерлі құжат әрі халқымыздың жаңа дәуірдегі болмыс-бітімін айқындайтын темірқазық. Сондықтан бәріміздің алдымызда тұрған аса маңызды мақсат – Конституциямыздың басты құндылықтары мен маңызын халық арасында, әсіресе, жастарға жан-жақты түсіндіріп, кең ауқымда дәріптеу. Өйткені, қазіргідей құбылмалы, тұрақсыз және күрделі уақытта мемлекеттігіміздің мыңдаған жылдық тарихы мен дәстүрін жадымызда сақтай отырып, жұртымыздың бойына озық ойлы ұлтқа тән игі құндылықтарды сіңіру аса өзекті міндет саналады», – делінген Президент құттықтауында.
Тоқаев өркениетті ел құру үшін қоғам болып еңбек ету қажет екенін де атап өтті. Оның сөзінше, еңбекті қадірлейтін қоғамда әр азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тиіс.
«Біз тұтас қоғам болып «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолға алдық. Бүкіл ел бойынша тазалық іс-шараларын жүргізіп, осы қасиетті ұғымның терең мағынасын жұртымыздың, әсіресе, жастарымыздың санасына сіңіре бастадық. Осылайша, тазалық ұлт болмысының ажырамас бөлігіне, халқымыздың мызғымас құндылығына айналуда. Біз заң мен тәртіп үстемдік құратын, білім мен ғылымға, инновацияға баса мән беретін, бірлігі бекем, Әділетті, Қауіпсіз, Күшті әрі Таза Қазақстанды құрып жатырмыз. Осы маңызды миссияны жүзеге асыруға мемлекеттік мекемелермен қатар, тұтас қоғам, яғни әр отбасы, әр азамат, сондай-ақ қоғам белсенділері, ұстаздар қауымы және еріктілер күш біріктіріп, белсене атсалысуы керек. Бүгінгі басқосуда айтылатын ұтымды ұсыныстар мен тың идеялар осы мақсат-міндеттерді іске асыруға ықпал етеді деп сенемін», – делінген құттықтауда.
Ерлан Қошанов өз сөзінде Қазақстан Халық Кеңесінің негізгі міндеттерінің бірі – жұртшылықты Президент реформалары мен бастамалары төңірегінде топтастыру екенін айтты. Ол қоғамдық әдеп пен құндылықтарды қалыптастыруда отбасы тәрбиесіне ерекше мән берді.
«Бүгінгі әңгіме – Отан мен отбасы туралы әңгіме, болашақ туралы әңгіме. Әдеп пен әдет, қоғамдық этика арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру туралы кеңес. Конституциямен бірге қоғамның сана-сезімі мен дүниетанымында да терең әрі маңызды өзгерістер орын алып жатыр. Президент әрбір қазақстандықтың туған тілін құрметтейтін, салт-дәстүрін сақтайтын, үлкенді сыйлап, білімге ұмтылатын, сонымен қатар әлемге ашық азамат болғанын қалайды. Осы қасиеттер отбасындағы тәрбиеден басталып, «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал азамат» қағидаттары арқылы қалыптасуы тиіс», – деді Қошанов.
Халық Кеңесінің төрағасы кейінгі жеті жылда Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік саласында болған өзгерістерге де тоқталды. Оның айтуынша, осы кезеңде елдің жалпы ішкі өнімі 181,7 млрд доллардан 306 млрд долларға дейін өскен. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 9,8 мың доллардан 15 мың долларға жеткен.
Сондай-ақ кейінгі жеті жылда елде 25 мың шақырым жол салынып, 1 300 жаңа мектеп бой көтерген. Оның 217-сі «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған.
Қошанов елдегі реформалармен қатар қоғамдық құндылықтардың да өзгеруі маңызды екенін айтты.
«Осы жаңғыру үдерістерінің шарықтау шегі – жаңа Халық Конституциясы. Онымен бірге бүгінде адамдардың жүрегі мен санасында терең әрі маңызды өзгерістер орын алуда. Реформалар елімізді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды. Сондықтан Президент күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс қоғамдық құндылықтар мен бағдарларды жүйелі түрде қалыптастырып келеді», – деді Ерлан Қошанов.
Форумда тәрбие, қоғамдағы адамгершілік құндылықтар, білім беру мен кітап оқу мәдениетін дамыту мәселелері де талқыланды.
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Наталья Дементьева әскери бөлімдердегі моральдық және тұрмыстық жағдайды жақсарту мәселесін көтерді. Кеңес алдағы уақытта әскери бөлімдердегі жағдайды зерделеп, әскери қызмет өткеру жағдайын кезең-кезеңімен жақсарту жөніндегі шараларды айқындауды жоспарлап отыр.
Жиында жастарды жұмыспен қамту мәселесіне де назар аударылды. «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Арман Түлкібаев жастарға сұранысқа ие мамандықтарды меңгеріп, жұмысқа орналасуға көмектесетін «JOLTAP» жобасының тәжірибесімен бөлісті. Форумда осы тәжірибені басқа өңірлерде қолдану, соның ішінде ауыл жастарының кәсіптік білім алып, жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейту жайы сөз болды.
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Республикалық Аналар алқасының төрайымы Назипа Шанаи, Құрылтай депутаты Снежанна Имашева және облыс басшылығы да форумда сөз сөйледі.
«Наири» армян мәдени орталықтары қауымдастығы Аналар алқасының төрағасы Татьяна Мурадян қоғамдық әдеп мәселесіне тоқталды. Түркістан облыстық ата-аналар қауымдастығының төрағасы Ақбаян Жакипова әйелдер құқығын қорғау мәселесін көтерді. Қоғам қайраткері Анна Мохаммад «Адал азамат» ұғымы туралы пікір білдірсе, Амангелді ауылдық кітапханасының меңгерушісі Гүлсім Искалиева кітап оқу мәдениетін дамыту туралы айтты.
Форум қорытындысында қоғамдық құндылықтарды нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру, жастар тәрбиесі, әскери қызметшілердің жағдайы, жұмыспен қамту және кітап оқу мәдениетін дамытуға қатысты ұсыныстар талқыланды.
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады
1 сағат бұрын
-
51 тың бастама: Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бақылауды күшейту тетіктері талқыланды
2 сағат бұрын
-
Адал еңбек пен озық технология Түркістан жұртшылығы жаңа тарихи кезеңнің талаптарын талқылады
2 сағат бұрын
-
155 миллион теңгеге жабдықталған орталық: ШҚО ауылындағы мәдениет үйі танымастай жаңарды
4 сағат бұрын
-
Ағзаны үнсіз бұзатын дерт Алматылық дәрігерлер қант диабетінің қауіпті белгілерін атады
6 сағат бұрын
-
«Заң бәріне ортақ»: белсенді «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді
7 сағат бұрын
-
Қазақстан ажырасудан әлем бойынша екінші орында тұрғаны рас па
8 сағат бұрын
-
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады
9 сағат бұрын
-
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады
9 сағат бұрын
-
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды
9 сағат бұрын
-
Баспана бағасының өсуі елді дүрліктірді: Испанияда соңғы 14 жылдағы ең ірі ереуіл өтті
10 сағат бұрын
-
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан төмендеп келеді
10 сағат бұрын
-
Қанша қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты?
10 сағат бұрын
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
11 сағат бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
11 сағат бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
11 сағат бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
1 күн бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
1 күн бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
1 күн бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
1 күн бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ғылым саласына бөлінген 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды
1 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға жұмсалған 22 миллиард теңге күтілген нәтижені берген жоқ
1 күн бұрын
-
Болгарияда аза тұту күні:86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Қытайда адам орнына еңбек ететін роботтар дәуірі басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
2 күн бұрын
-
«Тақталарды менің шеберханамның алдына түсіргенін Боқаевтың видеосынан ғана білдім» – құлпытас шеберханасының иесі
2 күн бұрын
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
2 күн бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
2 күн бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
2 күн бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
2 күн бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
2 күн бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
2 күн бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
2 күн бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
2 күн бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
2 күн бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
2 күн бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
2 күн бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
3 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
3 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
3 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
3 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
3 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
3 күн бұрын