«Қазақстанда жасалған» бренд емес, экономикалық саясатқа айналуы тиіс
Сурет авторы: Суреттер үкімет баспасөз қызметінен алынды
Отандық өндірісті қолдау енді зауыт салумен ғана шектелмеуі керек. Негізгі міндет – қазақстандық өнімге тұрақты сұраныс қалыптастыру, оны ішкі нарықта өткізу және әлемдік нарыққа шығару. Үкіметтің соңғы тапсырмалары мен депутаттардың ұсыныстары осы мәселенің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді.
Қазақстанда өндіріс көлемі өсіп келеді. Азық-түлік өндірісі, ауыл шаруашылығына инвестиция, қайта өңдеу және экспорт көрсеткіштері жыл сайын артып отыр. Бірақ статистика айқын өсімді көрсеткенімен, көпті мазалаған сұрақ әлі де актуалды болып қала бермек. Ол: Қазақстанда өндірілген тауардың қаншасы Қазақстан нарығында тұрақты сатылып жатыр? Мәселе дәл осы жерде. Өндіріс қуатын арттыруға мемлекет қаржы бөледі, жеңілдетілген несие мен субсидия береді. Бірақ кәсіпорын дайын өнімін сауда сөресіне шығара алмаса, өндірісті қолдауға жұмсалған қаражаттың тиімділігі төмендейді.
Премьер-Министр Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесінде өндірістің өзімен қатар, оны өткізудің маңызын да бірнеше рет атап өтті. Үкіметтің ұстанымында импортты алмастыру ғана емес, өндірісті локализациялау, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және қазақстандық өндірушілердің нарыққа шығуына жағдай жасау басым бағыт ретінде қарастырылып отыр.
Бұл бағытта мемлекет алдында тұрған негізгі мәселенің бірі – өндіріс көлемін арттыру ғана емес, қазақстандық өнімге тұрақты сұраныс қалыптастыру. Өйткені фермер өнім өндірді, кәсіпорын қайта өңдеді дегенмен, тауар сауда сөресіне шықпаса немесе экспорттық нарыққа жол таба алмаса, өндірісті қолдауға бағытталған мемлекеттік қаражаттың экономикалық тиімділігі төмендейді.

Қазақстан ішкі азық-түлік нарығының негізгі бөлігін өз өндірісі есебінен қамтамасыз етіп келеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының міндетін атқарушы Азат Сұлтановтың Үкімет отырысында келтірген мәліметіне сәйкес, негізгі азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі бойынша ішкі нарықтың қамтамасыз етілу деңгейі 80 пайыздан жоғары. Сонымен бірге құс еті, балық, қант, ірімшік пен сүзбе, шұжық өнімдері және алма бойынша осы көрсеткішті 80 пайызға жеткізу үшін отандық өндірісті ұлғайту және импортты алмастыру бойынша нысаналы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жерде мәселенің мәні анық көрінеді: Қазақстанға тек өнім өндіру жеткіліксіз. Ең маңыздысы – сол өнімнің тұрақты өндіріліп, өңделіп, сақталып, сатылып, соңғы тұтынушыға қолжетімді бағамен жетуі.
Өнім өндірдік. Енді оны кім сатып алады?
Ауыл шаруашылығындағы экономикалық саясаттың негізгі көрсеткіштері өзгеруі тиіс. Бұған дейін «қанша өнім өндірілді?» деген сұрақ басты орында болса, енді «сол өнімнің қаншасы Қазақстанда өңделді?», «қаншасы ішкі нарықта сатылды?», «қанша қосылған құн елде қалды?» деген мәселелерге көбірек мән берілуі керек.

Мысалы, сүт өндірісін алайық. Шикізат базасын нығайту мақсатында тауарлы-сүт фермаларын салуға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Азат Сұлтановтың мәліметінше, жылдық қуаты 500 мың тоннадан асатын 95 сүт-тауар фермасы қаржыландырылған, оның 71-і пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін тағы 19 ферманы іске қосу жоспарланған, олардың жалпы қуаты шамамен 100 мың тоннаны құрайды.
Бұл – өндірістік қуатты арттырудың нақты мысалы. Бірақ келесі сұрақ бірден туындайды: осы сүттің қанша бөлігі елдегі зауыттарда өңделіп, ірімшікке, сүзбеге, йогуртқа, сары майға және басқа дайын өнімдерге айналады?
Дәл осы жерде ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібін біртұтас жүйе ретінде қарастыру қажеттігі туындайды. Шикізатты өндіру – тізбектің басы ғана. Оның соңында дүкен сөресі мен тұтынушы тұруы керек.
Құс шаруашылығындағы көрсеткіштер де осы бағыттағы өзгерісті көрсетеді. Соңғы бес жылда құс етінің өндірісі 58 пайызға өскен, импорт 25 пайызға қысқарған, ал ішкі нарықты отандық құс етімен қамтамасыз ету деңгейі 58 пайыздан 78 пайызға дейін көтерілген. Бұл өсім қолданыстағы кәсіпорындарды кеңейту және жаңа өндірістік қуаттарды іске қосу есебінен қамтамасыз етілген.

Алдағы кезеңде Алматы облысындағы «Aitas» және Жамбыл облысындағы «Алель Агро» компанияларының ірі жобаларын іске асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар жүзеге асқан жағдайда, отандық құс етінің көлемі айтарлықтай артып, ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Демек, импортты алмастыру нақты нәтижеге айналуы үшін жаңа өндіріс тек статистикадағы көрсеткіш болып қалмай, ішкі нарықтағы нақты тауарға айналуы қажет.
Ауыл шаруашылығында «өндіріс – өңдеу – сату» тізбегі маңызды
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі оң динамикаға қарамастан, негізгі міндет – өндіріс пен тұтынудың арасындағы байланысты күшейту.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда азық-түлік өндірісінің көлемі 4 трлн теңгеге жетіп, 8,4 пайызға өскен. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында да өсім қарқыны сақталып, азық-түлік өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,7 пайызға артқан.
АӨК-тің негізгі капиталына салынған инвестиция да өсіп келеді. 2025 жылы бұл көрсеткіш 1,6 трлн теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғы деңгейден 46 пайызға артқан. Ал 2026 жылдың алғашқы алты айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 926 млрд теңгені құрап, жылдық салыстыруда 55 пайыздық өсім көрсеткен.
Мемлекеттік қолдау ауқымы да айтарлықтай. Биыл көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне арналған жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 1,1 трлн теңгені құраған. Оның 272 млрд теңгесі республикалық бюджеттен бөлінсе, қалғаны коммерциялық көздерден тартылған. Бұдан бөлек, саланы субсидиялауға 588,3 млрд теңге бағытталған.
Мұндай ауқымды қолдау өндірістің өсуіне жағдай жасайды. Бірақ ендігі кезеңде мемлекеттік саясаттың тиімділігін тек бөлінген қаражатпен немесе іске қосылған жобалардың санымен өлшеу жеткіліксіз. Әрбір жоба бойынша нақты сұрақ қойылуы керек: қанша жаңа жұмыс орны ашылды? Өнімділік қаншаға артты? Импорт қаншаға қысқарды? Өнімнің өзіндік құны төмендеді ме? Қайта өңдеу үлесі өсті ме? Экспорт көлемі мен түсімі қаншаға артты? Кәсіпорын болашақта субсидиясыз тұрақты жұмыс істей ала ма?
Осы көрсеткіштер мемлекеттік қолдаудың нақты экономикалық қайтарымын анықтауға мүмкіндік береді.
Сөре – ауыл шаруашылығы саясатының басты индикаторы
Ауыл шаруашылығы өнімінің тағдырын егістіктен кейінгі кезең анықтайды. Өнімді сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу жүйесі дұрыс жолға қойылмаса, өндірістің өсуі фермердің табысын автоматты түрде арттырмайды.
Сондықтан сақтау инфрақұрылымының дамуы да маңызды. Көкөніс қоймаларын салудың кешенді жоспары аясында жалпы сақтау қуаты 745,6 мың тоннаны құрайтын 95 нысан пайдалануға берілген. Бұл өнім шығынын азайтып, маусымдық баға ауытқуын төмендетуге және маусымаралық кезеңде көкөніспен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Дәнді, майлы және бұршақ дақылдарын сақтау үшін де жаңа элеваторлар мен астық қоймаларын салуды кредиттеу тетіктері іске қосылған. Алайда сақтау инфрақұрылымынан кейінгі мәселе – өткізу. Осы бағытта форвардтық сатып алу механизмі маңызды құралға айналып отыр. Оның мәні – болашақ өнімге алдын ала қаржы бөлу арқылы фермердің егіс жұмыстарын жүргізуіне және дайын өнімін өткізуді алдын ала қамтамасыз етуіне мүмкіндік беру.
2026 жылғы өнімді форвардтық сатып алу аясында 173 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге шамамен 32 млрд теңге бөлініп, жалпы көлемі 480 мың тоннаға жуық өнім келісімшартпен бекітілген. Бұл механизмнің маңызы зор. Себебі фермер үшін «өнімді қалай өндіріп аламын?» деген сұрақпен қатар «өнімімді кім сатып алады?» деген мәселе де шешіледі.
Сондықтан болашақта мемлекеттік қолдаудың маңызды бөлігі дәл осы өткізу арналарына, ұзақ мерзімді келісімшарттарға, өңдеуші кәсіпорындар мен фермерлер арасындағы кооперацияға бағытталуы тиіс.
Шикізат емес, дайын өнім экспорттау
Қазақстанның ауыл шаруашылығы экспорттық әлеуеті жоғары елдердің бірі. Бірақ экспорттың сапалық құрылымы маңызды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның АӨК өнімдері экспорты 37 пайызға өсіп, 7 млрд АҚШ долларына жетті. Оның жартысынан астамын қайта өңделген өнім құраған. Биыл бұл оң динамика жалғасып, АӨК өнімдерінің сыртқы саудасында алғаш рет шамамен 500 млн АҚШ доллары көлемінде оң сауда сальдосы қалыптасқан. Бұл – маңызды нәтиже. Бірақ келесі мақсат одан да жоғары болуы керек: экспорт көлемін ғана емес, оның қосылған құнын арттыру.

Бидайды экспорттау бір бөлек, бидайды ел ішінде өңдеп, ұн, макарон, кондитерлік өнім немесе басқа дайын тауар ретінде сату – мүлде басқа экономикалық нәтиже. Сол сияқты майлы дақылды шикізат күйінде шығару мен одан май, ақуыз, жемдік қоспа немесе басқа өнім өндірудің табыстылығы бірдей емес. Осы себепті ауыл шаруашылығының болашағы «тоннамен» ғана емес, «тоннадан қанша табыс таптық?» деген өлшеммен бағалануы керек.
Бұл бағытта терең өңдеуге арналған ірі жобалардың іске асуы маңызды. Крахмал, аминқышқылдары, глютен, мал азығына арналған қоспалар және басқа жоғары қосылған құны бар өнімдерді шығаратын жобалармен қатар, майлы дақылдардан авиациялық отын өндіру жобасы да пысықталуда. Жамбыл облысында қытайлық Fufeng Group компаниясының жүгеріні терең өңдеу жобасын іске қосу да ерекше бақылауда.
Мұндай жобалар Қазақстан ауыл шаруашылығын жай ғана шикізат жеткізуші рөлінен өңделген өнім өндіруші елге айналдыруға мүмкіндік береді.
Қазақстандық өнімнің әлемдік нарықтағы мүмкіндігі Экспорт географиясы да кеңейіп келеді. Қазақстанның астық және ұн экспорты 2024/2025 маркетингтік жылында рекордтық 15,3 млн тоннаға жеткен. Ал 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 30 шілдеге дейін астық пен астық баламасындағы ұн экспорты 13,9 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 12,6 пайызға жоғары болған.
Қазақстандық өнім Марокко, Алжир, Біріккен Араб Әмірліктері, Вьетнам және бірқатар Еуропа елдерінің нарықтарына шықты. Әзербайжан, Грузия және Түркияға жеткізілімдер де қайта жанданды. Май-тоңмай саласында да экспорттың өсуі байқалады. 2025 жылы күнбағыс майының экспорты 41 пайызға, тазартылған күнбағыс майының экспорты 2,1 есеге өскен. Қазақстандық май өнімдері 20-дан астам елге жеткізіледі.
Бұл жерде Қазақстан үшін келесі қадам – экспорттық көлемді ғана арттыру емес, дайын өнімнің үлесін көбейту. Өйткені әлемдік нарықта ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілік шикізат көлемімен емес, технологиямен, брендпен, сапамен және қосылған құнмен анықталады. Қазақстанның бірқатар өнім бойынша әлемдік экспортта жетекші позицияларға шығуы бұл мүмкіндіктің бар екенін көрсетеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ұн мен зығыр экспорты бойынша әлемде екінші, жасымық бойынша төртінші, күнбағыс майы бойынша алтыншы, бидай бойынша жетінші, арпа бойынша сегізінші орын алған.
«Қазақстанда жасалған» – ауыл шаруашылығындағы прагматикалық саясат
Отандық өнімді қолдау «қазақстандық болғаны үшін сатып ал» деген ұранға айналмауы керек. Тұтынушы ең алдымен сапаға, бағаға және сенімділікке қарайды. Сондықтан «Қазақстанда жасалған» белгісі сапаның, тұрақты жеткізілімнің және бәсекеге қабілеттіліктің символы болуы қажет.
Ол үшін ауыл шаруашылығында бірнеше бағыт қатар жүруі тиіс:
Бұл ретте отандық өндірушіні қолдау сапасыз өнімді қорғауды білдірмеуі тиіс. Керісінше, мемлекеттік қолдау кәсіпорынды бәсекеге қабілетті етуге бағытталуы керек. Қазақстанның мал шаруашылығы өнімдері қазірдің өзінде 42 елдің нарығына шығуға мүмкіндік алған. 2026 жылғы мамырда елдің бүкіл аумағы вакцинация жүргізілетін аусылдан қолайлы аймақ ретінде ресми танылды. Бұл мал мен мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейтуге қосымша мүмкіндік береді.
Өсімдік шаруашылығында да Қытайға 21 түрлі өнімді жеткізу бойынша фитосанитариялық талаптар келісілген, ал Қытай нарығына экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіміне 3 604 қазақстандық кәсіпорын енгізілген.
Яғни Қазақстанда өнім өндіру мүмкіндігімен қатар, оны әлемдік нарыққа шығаратын институционалдық негіз де біртіндеп қалыптасып келеді.
Ендігі міндет – көп өндіру емес, көбірек құн қалыптастыру
Ауыл шаруашылығына бағытталған мемлекеттік қолдаудың ауқымы жыл сайын артып келеді. 2025 жылы АӨК саласында 841 млрд теңге сомасына 255 инвестициялық жоба іске қосылған. 2026 жылы 1,3 трлн теңге сомасына 161 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Бірақ ендігі кезеңде негізгі сұрақ «қанша жоба іске қосылды?» емес, «сол жобалар экономикаға қанша табыс әкелді?» болуы тиіс. Кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуі, фермердің табысының өсуі, өңдеу үлесінің артуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, импорттың қысқаруы, экспорттық түсімнің көбеюі және салық түсімдерінің артуы – мемлекеттік саясаттың шынайы нәтижесін көрсететін көрсеткіштер. Бұл тұрғыдан алғанда, ауыл шаруашылығы саясатының ең қарапайым әрі түсінікті индикаторы – дүкен сөресі. Сөреге қарағанда қазақстандық өнімнің үлесі қанша? Ол тұрақты түрде сатыла ма? Бағасы халық үшін қолжетімді ме? Сапасы импорттық тауармен бәсекеге түсе ала ма? Фермер өз өнімін өткізу үшін қанша шығындалады? Қайта өңдеуші кәсіпорын шикізатты тұрақты ала ала ма? Осы сұрақтардың жауабы ауыл шаруашылығын қолдау саясатының нақты тиімділігін көрсетеді. Сондықтан «Қазақстанда жасалған» ұғымы жай ғана патриоттық белгі емес. Ол – азық-түлік қауіпсіздігі, ауылдағы жұмыс орындары, өңдеу өнеркәсібі, экспорттық табыс және экономикалық тұрақтылық мәселелерін біріктіретін прагматикалық саясат.
Мемлекеттің міндеті – фермерге өндіріс үшін ғана емес, өнімін өткізу үшін де жағдай жасау. Өңдеушіге шикізатты тұрақты жеткізуге мүмкіндік беру. Экспорттаушыға жаңа нарық ашу. Ал кәсіпкер өз кезегінде сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығаруы тиіс. Сонда ғана Қазақстанда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімі егістіктен немесе фермадан шығып қана қоймай, дүкен сөресіне, өңдеу кәсіпорнына және әлемдік нарыққа тұрақты жол табады.
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады
8 сағат бұрын
-
51 тың бастама: Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бақылауды күшейту тетіктері талқыланды
8 сағат бұрын
-
Адал еңбек пен озық технология Түркістан жұртшылығы жаңа тарихи кезеңнің талаптарын талқылады
8 сағат бұрын
-
155 миллион теңгеге жабдықталған орталық: ШҚО ауылындағы мәдениет үйі танымастай жаңарды
11 сағат бұрын
-
Ағзаны үнсіз бұзатын дерт Алматылық дәрігерлер қант диабетінің қауіпті белгілерін атады
13 сағат бұрын
-
«Заң бәріне ортақ»: белсенді «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді
13 сағат бұрын
-
Қазақстан ажырасудан әлем бойынша екінші орында тұрғаны рас па
15 сағат бұрын
-
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады
15 сағат бұрын
-
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады
16 сағат бұрын
-
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды
16 сағат бұрын
-
Баспана бағасының өсуі елді дүрліктірді: Испанияда соңғы 14 жылдағы ең ірі ереуіл өтті
17 сағат бұрын
-
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан төмендеп келеді
17 сағат бұрын
-
Қанша қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты?
17 сағат бұрын
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
18 сағат бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
18 сағат бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
18 сағат бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
1 күн бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
1 күн бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
1 күн бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
1 күн бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ғылым саласына бөлінген 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды
1 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға жұмсалған 22 миллиард теңге күтілген нәтижені берген жоқ
1 күн бұрын
-
Болгарияда аза тұту күні:86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Қытайда адам орнына еңбек ететін роботтар дәуірі басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
2 күн бұрын
-
«Тақталарды менің шеберханамның алдына түсіргенін Боқаевтың видеосынан ғана білдім» – құлпытас шеберханасының иесі
2 күн бұрын
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
2 күн бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
2 күн бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
2 күн бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
2 күн бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
2 күн бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
2 күн бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
2 күн бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
2 күн бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
2 күн бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
2 күн бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
2 күн бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
3 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
3 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
3 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
3 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
3 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
3 күн бұрын