Қазақстанда кімге мемлекеттен жәрдемақы берілмейді? Отбасыңыздың әл-ауқаты баллмен есептеледі
Сурет авторы: depositphotos.com
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында мемлекеттік жәрдемақылардың бір бөлігін тағайындау барысында отбасының мұқтаждық деңгейі міндетті түрде ескерілетін болады. Отбасының әл-ауқатын бағалау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен арнайы әдістемеге сәйкес, «Отбасының цифролық картасы» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Ережеге сәйкес, отбасыларға тиесілі көмек мөлшерін анықтау үшін бірыңғай табыс шегі қолданылмайды. Көмек тағайындау барысында табыс көлемімен қатар баспана жағдайы, балалар саны, қаржылық міндеттемелер және басқа да маңызды факторлар кешенді түрде есепке алынады.
Отбасының әлеуметтік жағдайы 8 негізгі бағыт бойынша бағаланады:
-
Табыстар мен несиелік міндеттемелер
-
Көлік құралдарының болуы
-
Еңбекпен қамтылу деңгейі
-
Әлеуметтік қорғау маркасы
-
Денсаулық жағдайы
-
Білім алу көрсеткіштері
-
Тұрғын үй жағдайлары
-
Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы
Әр бағыт бойынша белгіленген критерийлерге сәйкес ұпайлар қосылады немесе шегеріледі. Жиналған жалпы ұпай санына байланысты отбасы 5 санаттың біріне жатқызылады:
Ұпайларды есептеу тәртібі
1. Отбасы табысы мен несиелер
Отбасының айлық жалпы табысы отбасы мүшелерінің санына бөлініп, жан басына шаққандағы орташа табыс анықталады. Бұл көрсеткіш ең төменгі күнкөріс деңгейімен салыстырылады:
-
Табысы жоқ отбасылар: 0 ұпай
-
Табысы бар, бірақ кедейлік шегінен төмен: +40 ұпай
-
Кедейлік шегінен жоғары, бірақ 1 күнкөріс деңгейінен төмен: +100 ұпай
-
1-ден 2 күнкөріс деңгейіне дейін: +170 ұпай
-
2-ден 3 күнкөріс деңгейіне дейін: +280 ұпай
-
3-тен 4 күнкөріс деңгейіне дейін: +400 ұпай
-
4 күнкөріс деңгейінен жоғары: +620 ұпай
Несиелік міндеттемелер:
-
Белсенді несиесі бар отбасылардан 50 ұпай шегеріледі.
-
90 күннен астам мерзімі өткен, 1000 теңгеден асатын берешегі бар бір ересек мүшесі үшін - минус 250 ұпай, барлық ересек мүшелері үшін - минус 500 ұпай шегеріледі.
2. Көлік және арнайы техника
-
Жеңіл автокөлігі жоқ отбасыларға минус 50 ұпай беріледі.
-
1 автокөлігі барларға - 0 ұпай, 2 автокөлігі барларға - +50 ұпай, 3 және одан да көп автокөлігі барларға - +100 ұпай қосылады.
-
Коммерциялық көліктің (автобус, жүк көлігі) болуы - +80 ұпай, ауыл шаруашылығы техникасының болуы - +100-ден +200 ұпайға дейін қосады.
3. Еңбекпен қамтылу және кәсіпкерлік
-
Жұмыс істейтін 1 мүшесі бар отбасына - 150 ұпай, 2 және одан көп мүшесі болса - 300 ұпай беріледі. Еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасылардан 100 ұпай шегеріледі.
-
Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке кәсіпкерлер үшін - 50 ұпай, жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтайшылары үшін - 100 ұпай, екеуі де бар болса - 150 ұпай қосылады.
4. Балалар және мүгедектік
18 жасқа дейінгі балалар мен 23 жасқа дейінгі студенттер үшін жалпы ұпайдан шегерім жасалады:
-
1 бала немесе студент үшін - минус 50 ұпай
-
2 бала үшін - минус 100 ұпай
-
3 бала үшін - минус 150 ұпай
-
4 және одан да көп бала үшін - минус 200 ұпай
Отбасында І немесе ІІ топтағы мүгедектігі бар ересек мүшесі болса - минус 250 ұпай, ІІІ топтағы мүгедектігі бар мүшесі болса - минус 100 ұпай, мүгедектігі бар бала болса - минус 150 ұпай шегеріледі.
5. Денсаулық сақтау және білім беру
-
Медициналық ұйымға немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелмеген мүшелері бар отбасылардан - 20 ұпайдан шегеріледі.
-
Созылмалы ауруы бар немесе диспансерлік есепте тұрған мүшелері бар отбасылардан - 50-ден 80 ұпайға дейін шегеріледі.
-
Мектепке дейінгі немесе мектеп мекемелеріне тіркелмеген балалар үшін - минус 50-ден 100 ұпайға дейін қолданылады.
6. Тұрғын үй және тіркелген орны
Отбасының меншігіндегі тұрғын үй нысандарының саны мен жан басына шаққандағы ауданы есептеледі:
-
Тұрғын үйі жоқ отбасыларға - минус 200 ұпай
-
Жан басына шаққанда 18 шаршы метрден аз 1 баспанасы барларға - минус 80 ұпай
-
Жан басына шаққанда 18 шаршы метрден асатын 1 баспанасы барларға - 0 ұпай
-
2-ден 3-ке дейін тұрғын үйі барларға - +100 ұпай
-
11-ден астам тұрғын үйі барларға - +2000 ұпай қосылады.
Тіркелген мекенжайы бойынша:
-
Республикaлық маңызы бар қалаларда немесе елордада тіркелгендерге - +70 ұпай
-
Ауылдық елді мекендерде тіркелгендерге - минус 70 ұпай
-
Тіркеуі жоқ тұлғаларға - минус 100 ұпай қолданылады.
Аталған бағалау жүйесі әр отбасының әлеуметтік жағдайын барынша әділ анықтауға бағытталған. Сол себепті, табыстары бірдей отбасылардың бала санына, баспана жағдайына немесе несиелік міндеттемелеріне байланысты әртүрлі санаттарға түсуі мүмкін.
2027 жылдан бастап жәрдемақы тағайындау кезінде арнайы ерекшеліктер де ескеріледі. Алдағы уақытта мүгедектігі бар балаға берілетін мемлекеттік жәрдемақы отбасының әл-ауқатын бағалаусыз тағайындалса, ал оны бағып-құтқан ата-анаға берілетін арнайы төлем мұқтаждық деңгейін есепке алу арқылы төленетін болады.
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады
12 сағат бұрын
-
51 тың бастама: Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бақылауды күшейту тетіктері талқыланды
12 сағат бұрын
-
Адал еңбек пен озық технология Түркістан жұртшылығы жаңа тарихи кезеңнің талаптарын талқылады
12 сағат бұрын
-
155 миллион теңгеге жабдықталған орталық: ШҚО ауылындағы мәдениет үйі танымастай жаңарды
15 сағат бұрын
-
Ағзаны үнсіз бұзатын дерт Алматылық дәрігерлер қант диабетінің қауіпті белгілерін атады
17 сағат бұрын
-
«Заң бәріне ортақ»: белсенді «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді
17 сағат бұрын
-
Қазақстан ажырасудан әлем бойынша екінші орында тұрғаны рас па
19 сағат бұрын
-
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады
19 сағат бұрын
-
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады
19 сағат бұрын
-
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды
20 сағат бұрын
-
Баспана бағасының өсуі елді дүрліктірді: Испанияда соңғы 14 жылдағы ең ірі ереуіл өтті
20 сағат бұрын
-
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан төмендеп келеді
21 сағат бұрын
-
Қанша қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты?
21 сағат бұрын
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
21 сағат бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
22 сағат бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
22 сағат бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
1 күн бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
1 күн бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
1 күн бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
1 күн бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ғылым саласына бөлінген 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды
1 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға жұмсалған 22 миллиард теңге күтілген нәтижені берген жоқ
1 күн бұрын
-
Болгарияда аза тұту күні:86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Қытайда адам орнына еңбек ететін роботтар дәуірі басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
2 күн бұрын
-
«Тақталарды менің шеберханамның алдына түсіргенін Боқаевтың видеосынан ғана білдім» – құлпытас шеберханасының иесі
2 күн бұрын
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
2 күн бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
2 күн бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
2 күн бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
2 күн бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
2 күн бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
2 күн бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
2 күн бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
2 күн бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
2 күн бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
2 күн бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
2 күн бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
3 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
3 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
3 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
3 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
3 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
3 күн бұрын