Қазақ қоғамындағы өзара көмек дәстүрі: әлеуметтік ынтымақтастықтың негізі ретінде
Сурет авторы: ЖИ иллюстрациясы
Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында өзара көмек адамдардың, топтардың бір-біріне деген қолдауы, көмектесуі, жәрдемдесуі. Өзара көмек аясында дала заңына сай адамдардың «бір-біріне көмектесу» ережесі жатыр. Қазақи дәстүрде өзара көмектің аясы өте кең. Ол ағайын арасындағы бірлік пен ынтымақты, бауырмалдылық сияқты категорияларды жақындатса, әлеуметтік ортада «жанашырлық», «қамқорлық», «ізеттілік», «жомарттық» сияқты категориялармен ұштасып жатыр.
Ертедегі қазақ қоғамын бір-біріне көмексіз елестетудің өзі мүмкін емес еді. Егер ағайын туыс, жекжаттар арасында қандай да бір шаруашылыққа қатысты, жұтқа қатысты, өлім жітім мен қуанышта да көмек қолын созбау, ол барлық ру мүшелеріне, әулетке, тіпті бір атадан тараған ағайынға «таңба» болған. Қандай жағдай болмасын жақын адамдар арасында көмек беру, қолын созу сияқты принциптер ешбір сұраусыз-ақ орындалып отырған. Оның нәтижесінде бірнеше дәстүрлі ұғымдарды атауға болады. Олар: асар, , үме, жылу жинау, немеурін, кеусен сияқты дәстүрлі ұғымдар.
Асар – ағайын туыстардың, көрші қолаңның, ауылдастардың бір отбасыға ұжым болып көмек көрсетуі. Асар қазақ қоғамында қора қопсы салғанда, үй салып, баспана көтергенде, арық қазу, тоғандарды ашу сияқты еңбектерді ұжымдық негізде атқарып отырған. Әдетте ол үшін ақы төленбеген. Мұндай жағдайда ақы төлеу ақыны беруші және алушы үшін де, қала берді қауым үшін де «сын» болған. Асар иесі мал сойып, көмек көрсеткен барлық қауымға ас ауқат беріп, дастархан жайған. Онның соңы жасалып жатқан игі бастама үшін «сәттілік тілеумен», «берекелі болу» сияқты ізгі ниеттер тілеумен тарқасқан.
Үме – асар сияқты орындалатын ұжымдық негізде шаруашылықтың біріге орындалатын түрі. Кейбір өңірлерде асардың синонимі аталған. Мұнда да ауыр көлемдегі, бір отбасының немесе бір адамның күші жетпейтін шаруаға көмекке келген ұжымдық көмек. Бұл дәстүрлің астарында да халықтың ауызбіршілігі мен татулығы, бірлігі жатыр.
Немеурін – әке шешесінен енші алып, бөлек шыққан жас отбасына туған туыстарының беретін көмегі. Дәстүрлі ортада мұның атауы «енші» деп те аталады. Әдетте көмек беру туған-туыстар үшін міндет емес, әркімнің еркі саналған. Бұл жас отбасы үшін аяғынан тұрып, еңселі шаңырақ болуы үшін жасалған жағдай.
Жылу жинау – әр түрлі қиын жағдайларға тап болған адамдарға қауымдастықтың заттай беретін көмегі. Көмек мал, қаржы, астық, дүние мүлік түрінде берілген. Жаугершілік заманда баспанасы шапқыншылыққа ұшыраса, барымта кезінде малын айдап кетсе, тіпті ат шапан айып тағылып, құн төлейтін жағдайда, сонымен бірге табиғи апат кезінде де жылу жиналып, қиын жағдайға тап болған отбасына, руластарына, халқына басқалар көмек қолын созып, жәрдем берген.
Кеусен – қырман бастырып жатқанда жақсы тілек ниетпен келген, «астықтың мол болуына», «қырманға береке» тілеген адамдардың дорбаларына, қоржындарына салынып берілетін сыбаға. Сондай- ақ, егін бітік жиналғанда ел ішіндегі жарлы-жақыбайларға, жетім-жесірлерге астықтан атап берілген садақа түрін де «кеусен» деп атаған.
Жоғарыда аталған өзара көмек беру дәстүріндегі дәстүрлі ұғымның шарықтауы қазақ қоғамында «шүлен тарату» деген атпен де белгілі болды. Шүлен тарату – қазақи дәстүрде дархандықты, жомарттықты, мырзалықты білдіретін қамқорлық пен көмек көрсетудің ерекше институты ретінде қалыптасқан. Әдетте, шүлен таратқанда бақ дәулет тасып, береке мен молшылық артады,- деген қазақтың бай ауқаттылары мыңғырған малынан ел ішіндегі жағдайы төмен отбасыларына мал мүлкінен бөлісіп отырған. Ел ішіндегі аңыздар бойынша, тіпті Наурыз мерекесінде адам аяғы көп жиналған ортаға тайқазанда ас пісіріп, жиналған қауымға астан дәм татқызып, оның соңынан кедей кепшікке, жетім-жесірге мал үлестіріп, Алланың рахымына бөленген. Сондай тұлғалардың бірі Орта жүз қоңырат ішіндегі Оразгелді байды атауға болады. Шүлен тарату ел арасындағы күрделі қатынастарды реттейтін әлеуметтік институт ретінде орын алды.
Өзара көмек ұғымындағы дәстүрлі атаулар бүгінгі күнде ел ішіндегі әлеуметтік бастамалармен, қайырымдылық акциялармен, волонтерлік көмектермен астасып жатыр.
Қазақ қоғамындағы өзара көмек дәстүрлері тек шаруашылық қажеттіліктен ғана туындаған жоқ, ол адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстарды нығайтатын мәдени норма ретінде қалыптасты. Бұл мәдени норманың аясы қазақ қоғамындағы «бірлік», «ағайындық», «татулық», «жанашырлық», «қамқорлық» сияқты ұғымдармен сабақтасып, ортақ мақсат үшін адамдарды бір ортаға біріктірді. Осы тұрғыдан алғанда мұндай ортақ мәдени құндылықтар ұрпақтан ұрпаққа жетіп, ұлттық бірегейлігіміздің негізі ретінде орын алуы тиіс.
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады
9 сағат бұрын
-
51 тың бастама: Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бақылауды күшейту тетіктері талқыланды
9 сағат бұрын
-
Адал еңбек пен озық технология Түркістан жұртшылығы жаңа тарихи кезеңнің талаптарын талқылады
9 сағат бұрын
-
155 миллион теңгеге жабдықталған орталық: ШҚО ауылындағы мәдениет үйі танымастай жаңарды
12 сағат бұрын
-
Ағзаны үнсіз бұзатын дерт Алматылық дәрігерлер қант диабетінің қауіпті белгілерін атады
14 сағат бұрын
-
«Заң бәріне ортақ»: белсенді «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді
14 сағат бұрын
-
Қазақстан ажырасудан әлем бойынша екінші орында тұрғаны рас па
16 сағат бұрын
-
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады
16 сағат бұрын
-
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады
17 сағат бұрын
-
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды
17 сағат бұрын
-
Баспана бағасының өсуі елді дүрліктірді: Испанияда соңғы 14 жылдағы ең ірі ереуіл өтті
18 сағат бұрын
-
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан төмендеп келеді
18 сағат бұрын
-
Қанша қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты?
18 сағат бұрын
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
19 сағат бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
19 сағат бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
19 сағат бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
1 күн бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
1 күн бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
1 күн бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
1 күн бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ғылым саласына бөлінген 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды
1 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға жұмсалған 22 миллиард теңге күтілген нәтижені берген жоқ
1 күн бұрын
-
Болгарияда аза тұту күні:86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Қытайда адам орнына еңбек ететін роботтар дәуірі басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
2 күн бұрын
-
«Тақталарды менің шеберханамның алдына түсіргенін Боқаевтың видеосынан ғана білдім» – құлпытас шеберханасының иесі
2 күн бұрын
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
2 күн бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
2 күн бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
2 күн бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
2 күн бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
2 күн бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
2 күн бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
2 күн бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
2 күн бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
2 күн бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
2 күн бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
2 күн бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
3 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
3 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
3 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
3 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
3 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
3 күн бұрын