Қандай ата-ана баласын дәнекерлеуші, электрик, аспаз болуға жібереді?
Сапарғали Қанат
Сурет авторы: qrnews.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялап, қоғам назарын мүлде басқа жаққа бұрды. Бұл мәлімдеме — жай ғана атаулы жыл емес, ел болашағына тікелей әсер ететін терең ой, нақты қадамның бастауы. Бірақ бұл шешімнің артында не жатыр? Бұл тек саяси науқан ба, әлде көптен бері қордаланған түйіннің шешімі ме?
Мен бұл сұрақтардың жауабын өзім іздеп көрдім. Өйткені бұл бастаманың мәнін тек қағаз жүзінде емес, шынайы өмірде түсіну үшін нақты адамдардың, мамандардың, кәсіпкерлердің, колледж директорлары мен студенттердің пікірін білу қажет болды. Олармен сөйлескенде түсінгенім — президент көтерген бұл бастаманың мәні өте тереңде. Бұл — өндіріс еденінде жүрген жұмысшының, жаңа мамандық игеріп еңбекке араласқан жастың, болашағын баласымен бірге жоспарлаған ата-ананың өмірінен алынған шындық.
Астанадағы қалалық кәсіби-техникалық колледж директоры Римма Иманғазинова «Қандай ата-ана баласын дәнекерлеуші, электрик, аспаз болуға жібереді?» деп ашық ұран тастап, жұмысшы мамандардың мәселесіне тереңіне үңіліп жүрген мамандардың бірі. Оның айтуынша, колледждерде негізінен жоғары оқу орнында оқуға мүмкіндігі жоқ, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары оқиды. Сол үшін де мұндай балаларға біліммен қатар, тәрбие де берілу керек. Әйтпеген жағдайда, кәсіпорындарда неше түрлі төтенше жағдайлар орын алып жатқанын еске салды. Дегенмен, қалай десек те дәнекерлеуші, автомеханик, тігінші, аспаз, электрик... Бұл мамандардың барлығы керек. Қандай мекеме болса да. Сондықтан колледж әкімшіліг олардың жауапкершілігінен қашпай, батыл шешімдер қабылдап, жаңа жобаларды тиімді жүзеге асыруда.
«10-11сынып оқушылары біздің колледжде үш мамандық бойынша оқып жатыр. Автомеханик, тігін, аспаз. Олар түске дейін мектепте түсқайта біздің колледжде білімін жетілдіріп жүр. Бітірген соң аттестатпен бірге диплом алады. Сертификат емес. Колледжді бітірді деген. Былтыр бізде 34 студент аяқтаса, қала бойынша жүздеген студент дайын маман болып шықты»,- дейді Р. Иманғазинова.
"Қазтұтынуодағы" Жоғары сауда-экономикалық колледжінің директоры Мырзабек Күжімов аталған саладағы тағы бір өзекті мәселені көтерді. Ол білікті мамандарды дайындау тек колледж немесе ЖОО-ның ғана емес, жұмыс берушілердің де мойынындағы міндет деп санайды. Сол үшін де кәсіп иелері өздеріне керек мамандарды арнайы оқытып, тіпті, білім беру бағдарламасына өздерінің ұсыныстарын енгізе алады. Бұл заңнамалық тұрғыда да өзгертіліп, бекітіліпті.
Сонымен қатар колледж басшысының айтуынша, кейбір құрылыс компаниялары бірқатар мамандарды шетелден, жұмыс күшін көрші елдерден алады. Мырзабек Күжімов бұл пікірмен келіспейтінін айтып, өзіміздің мамандарды жетілдіріп, өз мамандарымызды жұмысқа тарту керек деп санайды.
«Бүгінгі студент – ертеңгі білікті жұмысшы. Білім беру мекемелері мен өндіріс иелері жұмысшы мамандықтардың мәртебесін бірлесіп арттыру керек»
Жұмыстың жаманы жоқ. Бар мамандық иесі қадірлі. Сол үшін жастарға түрі кәсіп иелерін көрсетіп, қызметімен таныстыру керек. Мың кәсіпке талпынсаң, бір кәсіптен айрыласың. Бұл бағытта мамандық таңдау бойынша кеңес беруші мамандар жұмыс жасап-ақ келеді. Алайда, өзі қалаған мамандығын тауып, алғашқы қадамдарды бастап келе жатқан тұста кейбір ата-аналар кері үгіттейтін жағдайлар кездесіп жататынын айта кеткен жөн. Мәселен,
SEED мектептер желісінің негізін қалаушы Гүлсім Егізбаева жалпылама бір көзге ата-ана да, ұстаз да баланың мамандықты өзі таңдағанын қалайды. Бірақ сол таңдауда соңына дейін еркіндік бола бермейді. Түптеп келгенде ата-аналар әлі де экономист, юрист болуын қалайды. Ал елдің тұрақтылығы көбірек инженер, құрылысшы, электриктерге байланысты екенін алға тартады. Демек, қолында дипломы бар дайын маманға жұмыс орнын тауып, оны жұмысқа орналастыру, жұмыс орнын ашу бір бөлек, ал жастарды сұранысы жоғары, елдің негізін қалыптастыратын, тапшы мамандарға баулу тағы бір бас қатыратын мәселе. Шаруа шаш етектен...
Десек те, мемлекет басшысының бастамасынан соң осы мәселелерге басқа «ракурстан» қарап, жұмысшы мамандарға деген көзқарас өзгере түсті. Нақты тапсырмалар беріліп, жаңа жобалар, шешімдер ұсыныла бастады. Президенттің айтқаны сөз күйінде қалмай, Үкімет деңгейінде нақты іс-шараларға ұласа бастады. Мәселен, Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылын жүзеге асыру бойынша негізгі бағыттар белгіленді. Олардың басты өзегі — дуальды оқытудың жол картасы аясында колледждер мен бизнес-қауымдастық арасындағы байланысты күшейту болды. Тек осы бизнес-қауымдастықтың көзқарасы өзгеруімен біраз мәселенің басы ашылғандай болды. Сондай ірі кәсіпорындардың бірі «Sat-NS» компаниясы жұмысшы мамандарды жұмысқа орналастыруда, олардың тәжірибе жинақтап, өз мамандықтарына деген сүйіспеншілікті арттыруда тиімді жұмыс жасап жатқанын көрдік. Мәселен, «Sat-NS» HR бөлімінің маманы Капенова Жанар қазіргі таңда 157 студент тәжірибеден өтіп, оның 22-сі жұмысқа орналасқанын айтты. Арасында 2-3 курстан-ақ ресми түрде жұмысқа орналасқан студенттер де бар екен. Олар студент кезде 300-400 мың жалақы алса, қолына дипломын алған бойда жалақыларын 700 мыңға дейін көтерілетінін астын сызып атап өтті.
«Жалпы колледж студенттері жұмысты іс жүзінде білетінін атап өткен жөн. Бұдан бөлек мұндай мамандардың кәсіпкерге пайдасы міндетті түрде болады. Жұмысқа орналастыру, оны ұстап тұру, іздеп табу – қазіргі кәсіпкерлердің негізгі проблемаларының бірі. Жұмысшы мамандықтарына қызықтыру – жұмыс берушіге тікелей байланысты. Жақсы жалақы, жақсы әлеуметтік көмек, жұмыс кеңсесіндегі жағдай маңызды».
Санжар, Камиль, Алина есімді студенттер жоғарыда айтып өткен сөздеріміздің нақты мысалы. Жаңа Астананы көркейтуге үлес қосып жүрген жас мамандар осылар.
«Мен әлі диплом алған жоқпын. Бірақ сонда да маған сенім артып жұмысқа алған компания басшылығына рахмет айтамын. Жалпы мен мұнда есепші маманының көмекшісі болып келген едім. Алайда мұнда өзімнің басқа да қасиеттерімді байқап операциялық менеджер қызметіне орналастым. Айта кету керек компания мен үшін арнайы осы қызметті ашты»,-деді Камиль Галимов.

«Үшінші курста оқып жүрген кезімде колледжден осында тәжірибеден өтуге жіберген еді. Сөйтіп осында екі ай тәжірибеден өтіп, мені жұмысқа алуын сұрадым. Олар маған сеніп, өзімді көрсетуге мүмкіндік берді. Сөйтіп колледждегі емтихандарымды тапсырып, дипломымды алып осында жұмысқа қабылдандым»,-дейді Алина Шупила.
Астанадағы «КДЛ Олимп Астана» мекемесі де осы бағыттағы тиімді тәжірибелерімен бөлісті. Мекеме басшысы Айжан Ерденова Астана қаласындағы медициналық колледжі студенттерін жұмысқа алу тәжірибесі сәтті жүзеге асып келе жатқанын айтты.
«Медицина мамандығында оқып жатқан студенттер жыл сайын біздің мекемеден өндірістік тәжірибеден өтеді. Олардың ішінде көзге түскендерін өзімізге алып қаламыз. Былтыр жеті студент жұмысқа орналасты. Оларды біз білімін жетілдіреміз, тәжірибе алуға мүмкіндік береміз. Айта кету керек, былтыр келген студенттердің дені генетика, ПЦР, лабараториялық диагностика секілді қазірге заманда сұранысқа ие болып жатқан бағытқа бет бұруда»,-дейді Айжан Ерденова.
Астана қаласы Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Хон кәсіпкерлікпен байланыс дуалды оқу арқылы, өндірістік тәжірибе, нысаналы мемлекеттік тапсырыс бойынша жан-жақты дамып келе жатқанын жеткізді. Өйткені, қолына диплом алған жас мамандардың барлығына бірдей жұмыс тауып беру оңай емес. Мәселен, қазіргі таңда тек Астанадағы колледждердің өзінде 38 000 студент біліп алып жатыр. Ал олардың 3/2-cі мемлекеттік грант бойынша оқиды. Мемлекеттің ақысына оқыған соң оларға жұмыс тауып беру әжептеуір бас қатыратын мәселе.
«Астанада 32 колледж бар. Оның тоғызы мемлекеттік. Қалғаны жекеменшік. Олар 76 мамандық бойынша білім береді. 120 бағыт бойынша. Аспазшыдан бастап, құрылыс, инженер, дәнекершіге дейін. Бұлардың барлығы астанамыздың экономикалық бағыттарына керек барлық мамандарды қамтиды»,-дейді Ақмарал Хон.
Осы тұста Астана қаласы әкімдігінің ішкі саясат пен білім басқармасы студенттердің идеологиясы мен жұмысқа орналастыру бағытындағы ауқымды жұмыстарын, сонымен қатар, «Аманат» париясының Білім және денсаулық мәселелері бойынша жасап жатқан игі істерін, «Атамекен» Елордалық Кәсіпкерлер палатасының бизнес-қауымдастық пен білім беру мекемелерінің арасында байланыс көпірін орнатуда атқарған қызметін ерекше атап өткен жөн.
Жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру бағыттағы басты жаңалықтардың бірі — 2025 жылдың алғашқы тоқсанында дуальды оқыту процестерін толық цифрландыру еді. Яғни, жұмыс жоспарларын электронды форматта келісу, оқу процестерін автоматтандыру – колледждер, кәсіпорындар және студенттер арасындағы байланысты әлдеқайда тиімді ете түсті.
Сонымен қатар, қысқа мерзімді оқытуға басымдық беріліп, келесі жылы 10 мыңға жуық адам қайта оқытылмақ. 604 оқу орнын қамтыған арнайы тізім жасақталып жатыр. Қостанай қаласында қазақстандық-неміс дуальды оқыту орталығы ашылады. Жүйе құраушы кәсіпорындар негізінде индустриялық-білім беру кластерлері құрылмақ. Мамандармен көп сұранысқа ие алты жұмысшы мамандықтар белгіленді. Олар: Өндірістік жұмысшылар, тігіншілер, аспаздар, күзетшілер, авто механиктер, қарапайым жұмысшылар.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауы – жай символдық бастама емес, еңбек адамына деген көзқарасты түбегейлі өзгертуге бағытталған нақты әрі өзекті қадам. Мақалада айтылған мамандардың пікірі мен тәжірибесі бұл бастаманың өмірмен тікелей байланысты екенін дәлелдеп отыр.
Бүгінде еліміздің индустриялық негізін құрайтын дәнекерші, аспаз, электрик, автомеханик секілді мамандықтар ұзақ уақыт бойы елеусіз қалып келді. Бұл тек қоғамның ғана емес, медиа саласының да олқылығы. Енді осы жазған мақаламыз жас мамандар сеніп артқан аманатқа қиянат болмайды деген сенімдеміз. Себебі, мамандықтарға сұраныс артқан тұста, колледждер мен кәсіпкерлер, үкімет пен қоғамдық ұйымдар бірігіп нақты шешімдер ұсынуда. Дуальды оқыту, нысаналы мемлекеттік тапсырыс, өндірістік тәжірибе – осының бәрі жұмысшы мамандығын таңдаған жастардың болашағына жол ашады деп сенеміз.
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады
3 сағат бұрын
-
51 тың бастама: Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бақылауды күшейту тетіктері талқыланды
3 сағат бұрын
-
Адал еңбек пен озық технология Түркістан жұртшылығы жаңа тарихи кезеңнің талаптарын талқылады
3 сағат бұрын
-
155 миллион теңгеге жабдықталған орталық: ШҚО ауылындағы мәдениет үйі танымастай жаңарды
6 сағат бұрын
-
Ағзаны үнсіз бұзатын дерт Алматылық дәрігерлер қант диабетінің қауіпті белгілерін атады
8 сағат бұрын
-
«Заң бәріне ортақ»: белсенді «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді
8 сағат бұрын
-
Қазақстан ажырасудан әлем бойынша екінші орында тұрғаны рас па
10 сағат бұрын
-
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады
10 сағат бұрын
-
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады
11 сағат бұрын
-
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды
11 сағат бұрын
-
Баспана бағасының өсуі елді дүрліктірді: Испанияда соңғы 14 жылдағы ең ірі ереуіл өтті
12 сағат бұрын
-
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан төмендеп келеді
12 сағат бұрын
-
Қанша қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты?
12 сағат бұрын
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
13 сағат бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
13 сағат бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
13 сағат бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
1 күн бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
1 күн бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
1 күн бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
1 күн бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ғылым саласына бөлінген 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды
1 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға жұмсалған 22 миллиард теңге күтілген нәтижені берген жоқ
1 күн бұрын
-
Болгарияда аза тұту күні:86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Қытайда адам орнына еңбек ететін роботтар дәуірі басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
2 күн бұрын
-
«Тақталарды менің шеберханамның алдына түсіргенін Боқаевтың видеосынан ғана білдім» – құлпытас шеберханасының иесі
2 күн бұрын
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
2 күн бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
2 күн бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
2 күн бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
2 күн бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
2 күн бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
2 күн бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
2 күн бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
2 күн бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
2 күн бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
2 күн бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
2 күн бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
3 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
3 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
3 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
3 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
3 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
3 күн бұрын