Еуропаны бағындырған ұжым және Түркістанның жаңа мәртебесі: Өңірде не өзгерді?
Киелі шаһарда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, сала мамандары марапатталды. Салтанатты жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, жиналған қауымды кәсіби мерекесімен құттықтады.
Өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары мәдениет пен өнердің мемлекет дамуындағы рөліне тоқталып, өңірде осы бағытта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды атап өтті.
«Күні кеше ғана Түркі Мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін абыроймен атқарып алдық. Елдің абыройын көтеретін осы игілікті істердің барлығы – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі деп сеніммен айта аламын. Өңірде көптеген мәдениет ошақтары салынып, халыққа рухани қызмет көрсетіп келеді. Өткен жылдың өзінде аудан, қалаларда 6 мәдениет үйі пайдалануға берілсе, биыл 10 мәдениет ошағының құрылысы жүруде. Облыстық мәдениет мекемелері республикалық, халықаралық байқауларда өңір намысын қорғап, жүлдегерлер қатарынан көрінуде. Биыл «Конгресс холл» кешенінің «Алқоңыр» ансамблі Еуропада өнер көрсетіп, ел даңқын асқақтатты», — деді Ертай Кенжебекұлы.

Мерекелік шара аясында өңір мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан сала мамандарына жоғары мемлекеттік марапаттар тапсырылды. Шара барысында үздіктерге «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, сондай-ақ Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді.
Сонымен қатар, салтанатты жиында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева сала мамандарын құттықтап, партия атынан Алғыс хаттар табыстады.

Кәсіби мереке қарсаңында өткен «Музейлер шеруі» байқауының қорытындысы да осы кеште жарияланды. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ғалымжан Ерназаров байқау жеңімпаздарын марапаттап, жүлдегерлерге автокөлік пен бағалы сыйлықтарды салтанатты түрде табыс етті.
Мерекелік іс-шараның ресми бөлімінен кейін қонақтар назарына «Мәдениеттің көрінбес қырлары» атты арнайы промо-ролик ұсынылды. Шара «Алтын тамыр» би ансамблінің «Өнер» хореографиялық қойылымымен және отандық эстрада жұлдыздары Маржан Арапбаева мен Гүлнұр Оразымбетованың концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен өткен жылы Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілген болатын. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 8 жыл толып отыр. Бүгінде өңірде облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бастамасымен мәдениет пен руханият саласын дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстар өз жалғасын табуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады
12 сағат бұрын
-
51 тың бастама: Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бақылауды күшейту тетіктері талқыланды
12 сағат бұрын
-
Адал еңбек пен озық технология Түркістан жұртшылығы жаңа тарихи кезеңнің талаптарын талқылады
12 сағат бұрын
-
155 миллион теңгеге жабдықталған орталық: ШҚО ауылындағы мәдениет үйі танымастай жаңарды
15 сағат бұрын
-
Ағзаны үнсіз бұзатын дерт Алматылық дәрігерлер қант диабетінің қауіпті белгілерін атады
17 сағат бұрын
-
«Заң бәріне ортақ»: белсенді «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді
17 сағат бұрын
-
Қазақстан ажырасудан әлем бойынша екінші орында тұрғаны рас па
19 сағат бұрын
-
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады
19 сағат бұрын
-
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады
20 сағат бұрын
-
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды
20 сағат бұрын
-
Баспана бағасының өсуі елді дүрліктірді: Испанияда соңғы 14 жылдағы ең ірі ереуіл өтті
20 сағат бұрын
-
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан төмендеп келеді
21 сағат бұрын
-
Қанша қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты?
21 сағат бұрын
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
22 сағат бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
22 сағат бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
22 сағат бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
1 күн бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
1 күн бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
1 күн бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
1 күн бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ғылым саласына бөлінген 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды
1 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға жұмсалған 22 миллиард теңге күтілген нәтижені берген жоқ
1 күн бұрын
-
Болгарияда аза тұту күні:86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Қытайда адам орнына еңбек ететін роботтар дәуірі басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
2 күн бұрын
-
«Тақталарды менің шеберханамның алдына түсіргенін Боқаевтың видеосынан ғана білдім» – құлпытас шеберханасының иесі
2 күн бұрын
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
2 күн бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
2 күн бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
2 күн бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
2 күн бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
2 күн бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
2 күн бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
2 күн бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
2 күн бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
2 күн бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
2 күн бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
2 күн бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
3 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
3 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
3 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
3 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
3 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
3 күн бұрын