Ерлан Қошанов: Мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты диалогтың жұмыс істейтін жүйесін құруға тиіспіз
Сурет авторы: Ж. Жумабеков
Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов еліміздің қоғамдық кеңестерінің өкілдерімен кездесу өткізді. Жиында Мемлекет басшысының қоғамдық институттардың өкілеттіктерін кеңейту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру және өзара іс-қимылды арттырудың басты бағыттары талқыланды.

Кездесу барысында Президент тапсырмалары шеңберінде Халық Кеңесі мүшелері мен өңірлік Қоғамдық кеңестер арасындағы тығыз әрі жүйелі әріптестіктің маңызы атап өтілді. Конституциялық заңға сәйкес, Халық Кеңесінің жергілікті деңгейдегі қызметі осы қоғамдық кеңестер арқылы қамтамасыз етіледі.
Ерлан Қошанов өз сөзінде өңірлермен ашық әрі тұрақты байланыс орнатудың басты міндет екеніне тоқталды:
«Мемлекет басшысы өңірлермен қоғамдық кеңестер арқылы берік байланыс орнату міндетін қойды. Бұл бізге жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әр адамның пікірі ескеріліп, әр азамат елдік мәселелерді талқылауға өз үлесін қоса алады. Біздің басты міндетіміз – халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, талап-тілегін тыңдай білу. Алдағы уақытта осындай басқосуларды тұрақты түрде өткіземіз. Ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін өздеріңізбен бірлесіп жұмыс атқаратын боламыз».

Бүгінде елімізде 228 қоғамдық кеңес жұмыс істейді, оларға 3,5 мыңға жуық сарапшы мүше. Халық Кеңесінің негізгі мақсаты – аймақтардан келіп түсетін бастамалар мен өзекті маселелерді жалпыұлттық күн тәртібіне біріктіріп, оларды шешудің нақты тетіктерін әзірлеу. Осыған орай, бейінді комитет пен Хатшылыққа деректерді тұрақты түрде жинақтау тапсырылды. Қалыптастырылатын Жүйелі проблемалардың бірыңғай картасы өңірлік түйткілдерді анықтап, Үкімет шешімдерін қабылдауға немесе заңнамаға өзгерістер енгізуге негіз болады.
Сонымен қатар жиында мынадай маңызды бастамалар көтерілді:
-
Заңнаманы жетілдіру: 2015 жылы қабылданған «Қоғамдық кеңестер туралы» заңды Халық Кеңесі туралы Конституциялық заңмен сәйкестендіру үшін арнайы жұмыс тобы құрылады.
-
«Нөлдік оқылым» тетігі: Нормативтік актілер мен мемлекеттік бағдарламалар қабылданғанға дейін міндетті қоғамдық сараптамадан өтіп, ықтимал тәуекелдер алдын ала бағаланады.
-
Шенеуніктердің есеп беруі: Мемлекеттік орган басшыларын қоғамдық кеңестердің ұсынымдары бойынша жеке есеп беруге міндеттеуді заңнамалық тұрғыдан бекіту ұсынылды.
-
Бастамаларды сүйемелдеу: Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұржан Жақыповтың ұсынысы бойынша, азаматтық бастамалардың сапасын арттыру мақсатында әрбір жобаға Халық Кеңесінің бір мүшесі бекітілетін болады.
-
Аналитикалық «Қоғам баяндамасы»: Өңірлердегі шынайы ахуалды көрсететін жыл сайынғы сараптамалық баяндама дайындау ұсынылды.
Жиын барысында Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов қоғамдық кеңестерді қалыптастырудың бірыңғай ашық стандарттарын енгізуді ұсынса, Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов өзара іс-қимыл тәртібін жетілдіру бойынша пікір білдірді.

Алқалы жиынға Президент жанындағы ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова және өзге де сарапшылар қатысты.
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады
9 сағат бұрын
-
51 тың бастама: Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бақылауды күшейту тетіктері талқыланды
10 сағат бұрын
-
Адал еңбек пен озық технология Түркістан жұртшылығы жаңа тарихи кезеңнің талаптарын талқылады
10 сағат бұрын
-
155 миллион теңгеге жабдықталған орталық: ШҚО ауылындағы мәдениет үйі танымастай жаңарды
12 сағат бұрын
-
Ағзаны үнсіз бұзатын дерт Алматылық дәрігерлер қант диабетінің қауіпті белгілерін атады
15 сағат бұрын
-
«Заң бәріне ортақ»: белсенді «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді
15 сағат бұрын
-
Қазақстан ажырасудан әлем бойынша екінші орында тұрғаны рас па
16 сағат бұрын
-
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады
17 сағат бұрын
-
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады
17 сағат бұрын
-
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды
18 сағат бұрын
-
Баспана бағасының өсуі елді дүрліктірді: Испанияда соңғы 14 жылдағы ең ірі ереуіл өтті
18 сағат бұрын
-
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан төмендеп келеді
18 сағат бұрын
-
Қанша қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты?
19 сағат бұрын
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
19 сағат бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
19 сағат бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
19 сағат бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
1 күн бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
1 күн бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
1 күн бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
1 күн бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ғылым саласына бөлінген 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды
1 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға жұмсалған 22 миллиард теңге күтілген нәтижені берген жоқ
1 күн бұрын
-
Болгарияда аза тұту күні:86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Қытайда адам орнына еңбек ететін роботтар дәуірі басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
2 күн бұрын
-
«Тақталарды менің шеберханамның алдына түсіргенін Боқаевтың видеосынан ғана білдім» – құлпытас шеберханасының иесі
2 күн бұрын
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
2 күн бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
2 күн бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
2 күн бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
2 күн бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
2 күн бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
2 күн бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
2 күн бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
2 күн бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
2 күн бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
2 күн бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
2 күн бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
3 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
3 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
3 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
3 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
3 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
3 күн бұрын