Аяз күшейді: кімдерге қашықтан жұмыс, ақылы үзіліс және қысқартылған жұмыс күні қарастырылған
Сурет авторы: ашық дереккөзден
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасы күрт төмендеп, синоптиктер кей жерлерде аяз –38 градусқа дейін жетуі мүмкін екенін ескертті. Осыған байланысты ашық ауада еңбек ететін азаматтардың қауіпсіздігі мәселесі өзекті болып отыр.
Заңгер, құқықтану ғылымдарының кандидаты, ассоциативті профессор Рустам Ахметов informburo.kz-ке қолданыстағы еңбек заңнамасы қызметкерлерді қолдаудың бірқатар тетігін қарастыратынын айтты.
Қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі
Маманның сөзінше, тараптардың келісімімен немесе жұмыс берушінің актісі негізінде қолайсыз ауа райы кезінде қызметкерлерді қашықтан жұмыс форматына көшіруге болады. Мұндай мамандықтардың тізімі бірыңғай кәсіптер анықтамалығында бар.
Бұл норма кеңсе қызметкерлеріне де қатысты, алайда ол үшін жұмыс берушінің ресми шешімі және қызметкердің жазбаша келісімі қажет. Төтенше жағдай, карантин немесе өмірге қауіп төндіретін ахуал кезінде мұндай шешім қосымша келісімсіз де қабылдануы мүмкін.
Арнайы үзілістер қарастырылған
Қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ қызметкерлер үшін Еңбек кодексінің 82-бабына сәйкес арнайы үзілістер қарастырылған. Бұл үзілістер жұмыс уақытына есептеледі.
Мұндай санатқа қоймада, ашық нысандарда, суықта жұмыс істейтін коммуналдық қызметкерлер, пошта қызметкерлері, курьерлер, көлік және логистика саласының мамандары жатады. Үзілістер суықта – жылыну, ыстықта – салқындау үшін беріледі.
Арнайы киім мен қауіпсіздік
Жұмыс беруші қызметкерлерді ауа райына сай арнайы киіммен және қауіпсіз еңбекке қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге міндетті. Инвентарь да еңбек жағдайына сәйкес болуы тиіс.
Жұмыс уақытын қысқарту және бас тарту құқығы
Егер ұжымдық шартта көзделсе, қызметкер қатты аяз кезінде жұмыс уақытын қысқартуды сұрай алады. Ал егер басшылық қауіпті ауа райында жұмысқа шығуды талап етсе, қызметкер денсаулығы мен өміріне қатер бар екенін көрсетіп, жазбаша түрде бас тартуға құқылы.
Мұндай бас тарту тәртіптік жазаға жатпайды. Қауіпті жағдайды метеоқызмет, төтенше жағдайлар органдары растаған жағдайда, қызметкерге «жұмысқа шықпады» деген негізбен жаза қолданылмайды. Даулы жағдайда еңбек инспекциясына жүгінуге болады.
Жұмыс берушінің жауапкершілігі
Заңгердің айтуынша, жұмыс орнында үсік шалу секілді жарақат өндірістік жарақат ретінде танылуы мүмкін. Бұл жағдайда толық жауапкершілік жұмыс берушіге жүктеледі. Санкция көлемі келтірілген зиянға байланысты айыппұлдан бастап қылмыстық жауапкершілікке дейін баруы мүмкін.
ТЖМ ұсынымдары
Қатты аяз кезінде мамандар мына кеңестерді сақтауға шақырады:
-
суықта темекі тартпаңыз: қан айналымын төмендетеді;
-
кең әрі жылы киім киіңіз, сырт киім су өткізбейтін болсын;
-
бас киім, қолғап, шарфсыз далаға шықпаңыз;
-
желді күні ашық теріні қорғайтын крем жағыңыз;
-
үсе бастасаңыз, дереу жылы жерге кіріңіз;
-
жел кезінде үсу қаупі жоғары екенін ұмытпаңыз;
-
қосымша қолғап, шұлық және ыстық шайы бар термос алып жүрген жөн.
Мамандар қазақстандықтарды өз құқықтарын білуге және қауіпті жағдайда қауіпсіздік талаптарының сақталуын талап етуге шақырады.
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады
14 сағат бұрын
-
51 тың бастама: Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бақылауды күшейту тетіктері талқыланды
14 сағат бұрын
-
Адал еңбек пен озық технология Түркістан жұртшылығы жаңа тарихи кезеңнің талаптарын талқылады
14 сағат бұрын
-
155 миллион теңгеге жабдықталған орталық: ШҚО ауылындағы мәдениет үйі танымастай жаңарды
16 сағат бұрын
-
Ағзаны үнсіз бұзатын дерт Алматылық дәрігерлер қант диабетінің қауіпті белгілерін атады
19 сағат бұрын
-
«Заң бәріне ортақ»: белсенді «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді
19 сағат бұрын
-
Қазақстан ажырасудан әлем бойынша екінші орында тұрғаны рас па
21 сағат бұрын
-
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады
21 сағат бұрын
-
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады
21 сағат бұрын
-
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды
22 сағат бұрын
-
Баспана бағасының өсуі елді дүрліктірді: Испанияда соңғы 14 жылдағы ең ірі ереуіл өтті
22 сағат бұрын
-
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан төмендеп келеді
22 сағат бұрын
-
Қанша қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты?
23 сағат бұрын
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
23 сағат бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
23 сағат бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
23 сағат бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
1 күн бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
1 күн бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
1 күн бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
1 күн бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ғылым саласына бөлінген 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды
1 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға жұмсалған 22 миллиард теңге күтілген нәтижені берген жоқ
1 күн бұрын
-
Болгарияда аза тұту күні:86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Қытайда адам орнына еңбек ететін роботтар дәуірі басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
2 күн бұрын
-
«Тақталарды менің шеберханамның алдына түсіргенін Боқаевтың видеосынан ғана білдім» – құлпытас шеберханасының иесі
2 күн бұрын
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
2 күн бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
2 күн бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
2 күн бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
2 күн бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
2 күн бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
2 күн бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
2 күн бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
2 күн бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
3 күн бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
3 күн бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
3 күн бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
3 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
3 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
3 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
3 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
3 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
3 күн бұрын