«Атадан Мирас» қоры 300-ден астам отбасыға азық-түлік қорабын табыстады

Редакция
23 наурыз 2026, 18:35
«Атадан Мирас» қоры 300-ден астам отбасыға азық-түлік қорабын табыстады Сурет авторы: Instagram

Ақтаудағы «Атадан Мирас» қоғамдық қоры «Береке» жобасы аясында қайырымдылық акциясын өткізді. Шара барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін, тұрмыстық жағдайы төмен 300-ден астам отбасыға азық-түлік қораптары таратылды.

Қор өкілдерінің айтуынша, әр қорап — бір шаңыраққа көрсетілген қамқорлық пен қоғамдағы өзара жанашырлықтың белгісі. Жобаның басты мақсаты — қиын жағдайға тап болған отбасыларға қол ұшын беру, қайырымдылық құндылықтарын насихаттау және жастар арасында жауапкершілік пен ізгілік сезімін қалыптастыру.

Ұйымдастырушылар жобаны бір реттік шара емес, тұрақты дәстүрге айналдыруды көздейді. Сондай-ақ қор акцияны жүзеге асыруға үлес қосқан барлық азаматқа алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар