Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы
Қыдыр қонып, бақ дарыған, «Жеті жұрт келіп, жеті жұрт қалды» деген нақыл сөзге өрілген, киелі әулие-әмбиелердің отаны болған маңғаз мекен Маңғыстаудың жұмбақ сырға толы табиғаты көрген жанға ерекше әсер береді. Қиялын қияға жетелеп, ғажайып бір күйге бөлейді.
Тасын түртсең, тарихы сөйлей жөнелетін қасиетті мекенді кейбіреулер «мың қыстау» дегеннен шыққан деп түсіндірсе, енді бірі төрт жасар қойдан таратылған деген нұсқаларды (әрине бұл тек жорамал) алға тартады. Бірақ бұл топонимнің сенімдірегі – «Құбыжықтар тауы» деп аталуы. «Маңғыс» сөзі түркі және моңғол мифологиясында айдаһар деген мағынаны білдіреді. Бұл қаншалықты нанымсыз болса да, Ақтаудан жүз шақырым жерде жатқан Торыш алқабына барсаңыз, көз алдыңыздан көлбеңдейтін сұлбалар сенбесіңізге қоймайды. Не десек те, Маңғыстау өңірі «362 әулие елі», халқы Шопан ата мен Бекет ата есімдерін пір тұтады, ерекше құрметтейді. Қарт Каспийдің өзі бес мемлекетпен шектесіп, Түрікменстан, Әзербайжан, Қазақстан секілді түркі мемлекеттеріне ортақ қазынаға айналып отыр. Міне, талайдың назарын өзіне аударған аймақ бүгінде туристердің қызығушылығын арттырып келеді.
Бозашы түбегіндегі ең көне мұнай-газ кен орындарының бірі –Қаламқас. Бұл атау әйгілі батыр қыздың есімімен байланысты. Аңыз бойынша, Қаламқас – Бектеміс әулетінің қызы, ол ерте заманда Бозашы түбегінде өмір сүрген. Заты әйел болса да, жастайынан ер адамдармен бірге аңға шыққан көрінеді. Бірде елге жау шауып, еркек кіндіктілер жауға аттанған сәтте ол қарттар мен балаларды асырауды өз мойнына алады. Қаламқас өз серіктерімен бірге бір түнде құдық қазып, сол жерде азықтарын сақтаған соң, аңға шығады. Ақбөкенді арнайы дайындалған орға айдап бара жатқанда оның аты сүрініп, өзі терең шұңқырға құлап, қаза табады-мыс. Батыр қыздың есімі бүгінге дейін ұмытылмай, осы аймақта ғана емес, ежелгі қорымда да сақталып, ескерткіш те орнатылған. Мұны біреу білсе, біреу біле бермейді. Түркі халықтарының батыр қызы Томирис іспетті жаужүрек қыз шыққан бұл мекеннен. Тарихқа бойлай берсе, сыршыл мекен Маңғыстау жайлы сан-мың хикаяға кездесесіз.
Сондықтан біз қасиет тұнған қазыналы өлкені әлемге кеңірек таныта түсуді көздей отырып, осынау киелі мекеннің орталығы Ақтау қаласын биыл ТҮРКСОЙ «Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» деп жарияладық. Бұл тарихи шешімді осыдан бір жыл бұрын Әзербайжанның Шуша қаласында қабылдасақ та, 16 қараша күні Түрікменстанның Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен Ашқабатта өтіп жатқан TҮРКСОЙ тұрақты кеңесінің 41-отырысында Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстанның мәдениет министрлері әрі өкілдерінің қатысуымен өткен жиында ресми түрде 2025 жылды Ақтау қаласын – түркі әлемінің мәдени астанасы деп жариялап отырмыз.
Биыл түркі әлемінің мәдени астанасы – Түрікменстанның Анев қаласы болды. Мәдени астананың салтанатты ашылуына арналған жиында түркі әлемінің түкпір-түкпірінен келген баспасөз өкілдері Ахал облысының тарихи және мәдени ескерткіштерінің шағын үлгілері қойылған ашық аспан астындағы аймақты, Аркадаг қалалық музейін және жаңадан салынған ғимараттарды жақыннан көру мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ сапар аясында әлемге әйгілі ахалтеке жылқылары өнер көрсеткен циркке барып, естен кетпес керемет қойылымды тамашалауға мүмкіндік алды. Әсемдігімен әлемге әйгілі ахалтеке аттарымен түрлі акробатикалық өнер көрсеткен цирк әртістері қатысушылардың қошеметіне бөленді. Жыл бойы 20-дан астам мәдени, әдеби, спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Келесі жылы да дәл осындай қарқынмен мәдениет пен тарихтың тоғысқан тарихи мекені Маңғыстауда да мерекелік мәдени шараларды ұйымдастырып, түркі әлемнің жер-жерінен өнерпаздар мен басқа да маңызды қонақтарды шақырып, киелі мекеннің мәртебесін арттырып, халықаралық деңгейде іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз.
Бұған дейін де Қазақстанның екі қаласы Астана мен Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы болған. Ақтауда 2025 жыл абыроймен өтіп, әлемдік қоғамдастық түркі дәстүрлерінің не екенін және бауырлас халықтарымызды не біріктіретінін көріп, білсе дейміз. Әрине, осы орайда бізді үнемі қолдап келген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Маңғыстау облысының әкімдігінің қолдауымен бірлескен іс-шараларды өткізбекпіз. Біздің міндетіміз – бүкіл әлемде түркі мәдениетін сақтау және насихаттау.
Айта кетейік, халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы – 1993 жылы Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстанның Мәдениет министрлерінің шешімімен түбі бір түркі әлемінің мәдениетін насихаттау мақсатында құрылған алғашқы халықаралық мәдени ұйым. Осынау 31 жыл ішінде ұйым бағытынан жаңылған емес. Өзім басқарып отырған соңғы 3 жылда мәдени іс-шараларды жиі өткізумен қатар жастарға қолдау білдіріп, әсіресе, білім, ғылым, спорт салаларына үлкен мән беріп отырмыз. Алдағы уақытта да түркі мәдениеті, түркі ынтымақтастығына қызмет етуді жалғастыра бермекпіз.
Сұлтан РАЕВ
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады
5 сағат бұрын
-
51 тың бастама: Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бақылауды күшейту тетіктері талқыланды
6 сағат бұрын
-
Адал еңбек пен озық технология Түркістан жұртшылығы жаңа тарихи кезеңнің талаптарын талқылады
6 сағат бұрын
-
155 миллион теңгеге жабдықталған орталық: ШҚО ауылындағы мәдениет үйі танымастай жаңарды
8 сағат бұрын
-
Ағзаны үнсіз бұзатын дерт Алматылық дәрігерлер қант диабетінің қауіпті белгілерін атады
10 сағат бұрын
-
«Заң бәріне ортақ»: белсенді «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді
11 сағат бұрын
-
Қазақстан ажырасудан әлем бойынша екінші орында тұрғаны рас па
12 сағат бұрын
-
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады
13 сағат бұрын
-
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады
13 сағат бұрын
-
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды
13 сағат бұрын
-
Баспана бағасының өсуі елді дүрліктірді: Испанияда соңғы 14 жылдағы ең ірі ереуіл өтті
14 сағат бұрын
-
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан төмендеп келеді
14 сағат бұрын
-
Қанша қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты?
14 сағат бұрын
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
15 сағат бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
15 сағат бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
15 сағат бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
1 күн бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
1 күн бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
1 күн бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
1 күн бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ғылым саласына бөлінген 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды
1 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға жұмсалған 22 миллиард теңге күтілген нәтижені берген жоқ
1 күн бұрын
-
Болгарияда аза тұту күні:86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Қытайда адам орнына еңбек ететін роботтар дәуірі басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
2 күн бұрын
-
«Тақталарды менің шеберханамның алдына түсіргенін Боқаевтың видеосынан ғана білдім» – құлпытас шеберханасының иесі
2 күн бұрын
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
2 күн бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
2 күн бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
2 күн бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
2 күн бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
2 күн бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
2 күн бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
2 күн бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
2 күн бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
2 күн бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
2 күн бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
2 күн бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
3 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
3 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
3 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
3 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
3 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
3 күн бұрын