Ақтау БИЛ оқушылары «Береке» жобасы аясында 35 отбасыға көмек берді

Редакция
02 маусым 2026, 10:46
Ақтау БИЛ оқушылары «Береке» жобасы аясында 35 отбасыға көмек берді Сурет авторы: «Атадан Мирас» қоғамдық қорының баспасөз қызметі

«Атадан Мирас» қоғамдық қоры қолға алған «Береке» жобасы аясында Ақтау білім-инновациялық лицейінің 8-сынып оқушылары мен ата-аналары ауқымды қайырымдылық акциясын өткізді. Мектеп қабырғасынан басталған игі бастама нәтижесінде өңірдегі азық-түлікке аса мұқтаж 35 отбасыға арнайы себеттер жеткізілді.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл шараның негізгі мақсаты - тек біржолғы материалдық көмек көрсету емес, өскелең ұрпақтың бойына бауырмалдық, үлкенге құрмет пен қоғамға деген жанашырлық құндылықтарын сіңіру.

«Мейірімділік пен жанашырлық - ұрпақтан-ұрпаққа өтетін асыл қасиет. Жастарға дұрыс тәрбие берудің ең тиімді жолы - өз ісіңмен өнеге көрсету. «Береке» жобасы бұл бағыттағы жүйелі жұмыстардың бірі болып табылады», - деп атап өтті «Атадан Мирас» қоғамдық қорының өкілдері.

Айта кету керек, аталған қоғамдық қор әлеуметтік маңызы бар жобаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Ұйымдастырушылар бұл бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар