АҚШ 24 сағат ішінде Иранға соққы беруі мүмкін
Сурет авторы: REUTERS
Басылымның мәліметінше, Иран көршілес елдерге ескерту жасап, егер АҚШ тарапынан шабуыл жасалса, олар өз аумағында орналасқан американдық әскери базаларға соққы беретінін мәлімдеген, деп хабарлайды Reuters. Осыдан кейін Вашингтон Таяу Шығыстағы базаларынан әскерилердің бір бөлігін шығару туралы шешім қабылдады.
Атап айтқанда, Қатар аумағындағы АҚШ-тың «Әл-Удейд» авиабазасындағы кейбір әскерилерге 14 қаңтар кешке дейін базадан кету туралы нұсқау берілген. Агенттік дереккөздерінің бірі бұл процестің эвакуация емес, жай ғана әскери күштерді «қайта орналастыру» екенін атап өтті.
«Әл-Удейд» авиабазасы — АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ең ірі әскери базасы. Онда шамамен 10 мың американдық әскери қызметші орналасқан. 2025 жылғы 23 маусымда Тегеран АҚШ-тың Ирандағы Исфахан, Фордо және Натанздағы ядролық нысандарына жасаған шабуылына жауап ретінде осы базаға соққы берген болатын. Сол кезде Трамп ұшырылған 14 зымыранның 13-і атып түсірілгенін, ал біреуі қауіп төндірмегенін айтқан еді. Ал Қатар авиабаза бағытында жеті зымыран атылғанын, оның біреуі база аумағына құлағанын хабарлаған.
13 қаңтар күні Трамп ирандық шерушілерге үндеу тастап, оларды мемлекеттік мекемелерді басып алуға шақырды және «көмек жолда келе жатқанын» айтты. Журналистермен әңгімелесу кезінде АҚШ Президенті бұл сөздерімен нені меңзегенін нақтыламады, бірақ американдық азаматтарды Ираннан эвакуациялау мәселесін қарастыру қажеттігін білдірді. CBS News телеарнасына берген сұхбатында Трамп Тегеранға қатысты түпкі мақсаты — «жеңіс» екенін айтты, бірақ бұл ұғымға түсініктеме бермеді.
Басылымның израильдік шенеунікке сілтеме жасап хабарлауынша, 12 қаңтарда Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың қауіпсіздік кабинетіне «Иран режимінің құлауы немесе АҚШ-тың араласу ықтималдығы» туралы мәлімет берілген.
Ирандағы жаппай наразылық шаралары 2025 жылғы желтоқсан айының соңынан бері жалғасып келеді. Шерулер елдегі терең экономикалық дағдарыс аясында басталды. Жыл соңына қарай инфляция деңгейі 42,2%-ға жетіп, ұлттық валюта — иран риалы рекордтық деңгейде құнсызданып, 1 доллар үшін 1,42 миллион риалға дейін түсіп кетті.
Наразылық білдірушілер үкіметтің және Ислам Республикасының Жоғарғы Көшбасшысы аятолла Әли Хаменеидің отставкаға кетуін талап етуде. Наразылық акциялары ондаған қаланы қамтыды. Бүкіл ел бойынша интернет өшірілгендіктен, қаза тапқандар туралы ақпаратты жинау мен растау қиындап отыр. Құрбандардың шерушілер арасында да, қауіпсіздік күштерінің қатарында да бар екені айтылуда.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Иран өз әуе кеңістігін барлық ұшақтар үшін жапқан болатын. Тегеран таратқан ақпаратқа сәйкес, шектеулер 15 қаңтар күні сағат 00:45-те күшіне еніп, сол күні сағат 8:00-ге дейін жалғасады деп жоспарланған, бірақ соңғы мәліметтер бойынша, тыйым әлі де өз күшінде қалып отыр.
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады
2 сағат бұрын
-
51 тың бастама: Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бақылауды күшейту тетіктері талқыланды
2 сағат бұрын
-
Адал еңбек пен озық технология Түркістан жұртшылығы жаңа тарихи кезеңнің талаптарын талқылады
2 сағат бұрын
-
155 миллион теңгеге жабдықталған орталық: ШҚО ауылындағы мәдениет үйі танымастай жаңарды
5 сағат бұрын
-
Ағзаны үнсіз бұзатын дерт Алматылық дәрігерлер қант диабетінің қауіпті белгілерін атады
7 сағат бұрын
-
«Заң бәріне ортақ»: белсенді «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді
7 сағат бұрын
-
Қазақстан ажырасудан әлем бойынша екінші орында тұрғаны рас па
9 сағат бұрын
-
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады
9 сағат бұрын
-
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады
9 сағат бұрын
-
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды
10 сағат бұрын
-
Баспана бағасының өсуі елді дүрліктірді: Испанияда соңғы 14 жылдағы ең ірі ереуіл өтті
10 сағат бұрын
-
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан төмендеп келеді
11 сағат бұрын
-
Қанша қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты?
11 сағат бұрын
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
11 сағат бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
12 сағат бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
12 сағат бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
1 күн бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
1 күн бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
1 күн бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
1 күн бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ғылым саласына бөлінген 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды
1 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға жұмсалған 22 миллиард теңге күтілген нәтижені берген жоқ
1 күн бұрын
-
Болгарияда аза тұту күні:86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Қытайда адам орнына еңбек ететін роботтар дәуірі басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
2 күн бұрын
-
«Тақталарды менің шеберханамның алдына түсіргенін Боқаевтың видеосынан ғана білдім» – құлпытас шеберханасының иесі
2 күн бұрын
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
2 күн бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
2 күн бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
2 күн бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
2 күн бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
2 күн бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
2 күн бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
2 күн бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
2 күн бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
2 күн бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
2 күн бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
2 күн бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
3 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
3 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
3 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
3 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
3 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
3 күн бұрын