Абай облысына 232 миллиард теңге жеке инвестиция тартылып, өңірде жаңа жұмыс орындары ашылды
Сурет авторы: АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен аймақ әкімдігінің отырысында өңірдің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының орындалу барысы сарапқа салынды. Жиынға өңірлік департамент жетекшілері, басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдері қатысты, деп хабарлайды Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садырдың баяндамасына сәйкес, бірінші тоқсанда өңірдің жалпы өңірлік өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,7 пайызға өскен. Сонымен қатар, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 4,2 пайыздық өсімді көрсетті. Атап айтқанда, құрылыс саласы 131 пайызды құрап, республика бойынша 3-орынға шықса, көлік саласы 117,8 пайыздық өсіммен ел ішіндегі үштікті түйіндеді. Сонымен бірге инвестиция (123,2%), ішкі сауда (105,1%), ауыл шаруашылығы (103,7%), өнеркәсіп (101,5%) және байланыс салаларында (101%) оң динамика қалыптасты.

Алты айдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджет түсімдері 82,8 млрд теңгені құрап, жоспарланған межеден 1,5 млрд теңгеге асыра орындалды. Бюджет қаражатының игерілу деңгейі 99,7 пайызды құрады. Аймақ экономикасына тартылған инвестиция көлемі 232,3 млрд теңгеге жетіп, еліміздің өңірлері арасында 4-орынға тұрақтады. Әсіресе, жеке инвестициялардың өсу қарқыны айрықша байқалды: бұл көрсеткіш 151,4 пайызға жетіп, 205,6 млрд теңгені құрады.
Есепті кезеңде жалпы құны 34,6 млрд теңге болатын 14 инвестициялық жоба іске қосылып, 598 жаңа жұмыс орны құрылды. Тұрғын үй секторында 128,3 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,5 мың шаршы метрге артық.
Отырыста аудан мен қала әкімдерінің қызметін 10 блок пен 83 индикатор бойынша бағалайтын рейтинг нәтижелері жарияланды. Көш басынан Жаңасемей, Мақаншы және Абай аудандары көрінсе, рейтингтің төменгі сатысына Ақсуат, Көкпекті аудандары мен Курчатов қаласы жайғасты. Облыс әкімі көрсеткіштері төмен аудан, қала басшыларының есебін тыңдап, жұмысты шұғыл түрде күшейтуді тапсырды.

Берік Уәли өз сөзінде әрбір көрсеткіштің артында халықтың әл-ауқаты мен нақты өндіріс тұрғанын атап өтіп, жыл соңына дейін барлық индикаторлардың орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді. Сонымен қатар, тоғыз айдың қорытындысы бойынша жоспарлы межені бағындырмаған басшыларға қатысты тиісті шаралар қолданылатыны ескертілді.
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады
13 сағат бұрын
-
51 тың бастама: Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бақылауды күшейту тетіктері талқыланды
13 сағат бұрын
-
Адал еңбек пен озық технология Түркістан жұртшылығы жаңа тарихи кезеңнің талаптарын талқылады
13 сағат бұрын
-
155 миллион теңгеге жабдықталған орталық: ШҚО ауылындағы мәдениет үйі танымастай жаңарды
16 сағат бұрын
-
Ағзаны үнсіз бұзатын дерт Алматылық дәрігерлер қант диабетінің қауіпті белгілерін атады
18 сағат бұрын
-
«Заң бәріне ортақ»: белсенді «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді
18 сағат бұрын
-
Қазақстан ажырасудан әлем бойынша екінші орында тұрғаны рас па
20 сағат бұрын
-
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады
20 сағат бұрын
-
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады
21 сағат бұрын
-
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды
21 сағат бұрын
-
Баспана бағасының өсуі елді дүрліктірді: Испанияда соңғы 14 жылдағы ең ірі ереуіл өтті
22 сағат бұрын
-
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан төмендеп келеді
22 сағат бұрын
-
Қанша қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты?
22 сағат бұрын
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
23 сағат бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
23 сағат бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
23 сағат бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
1 күн бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
1 күн бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
1 күн бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
1 күн бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ғылым саласына бөлінген 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды
1 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға жұмсалған 22 миллиард теңге күтілген нәтижені берген жоқ
1 күн бұрын
-
Болгарияда аза тұту күні:86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Қытайда адам орнына еңбек ететін роботтар дәуірі басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
2 күн бұрын
-
«Тақталарды менің шеберханамның алдына түсіргенін Боқаевтың видеосынан ғана білдім» – құлпытас шеберханасының иесі
2 күн бұрын
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
2 күн бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
2 күн бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
2 күн бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
2 күн бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
2 күн бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
2 күн бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
2 күн бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
2 күн бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
2 күн бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
3 күн бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
3 күн бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
3 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
3 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
3 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
3 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
3 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
3 күн бұрын