22 жастағы қазақстандық ел тарихындағы ең жас долларлық миллионер атанды
Сурет авторы: digitalbusiness.kz
Қазақстандық жас маман Әлішер Шариязданов небәрі 22 жасында елдегі ең жас долларлық миллионер атанды. Бұл туралы Digital Business басылымы хабарлады.
Ол – әлемдік деңгейде табысқа жеткен Higgsfield AI стартап-компаниясының Founding Growth Manager лауазымын атқарады. Компанияның құны 2023 жылдың қазан айында 1,2 млрд доллар деп бағаланған. Осылайша, компания қызметкерлерінің үлеске байланысты табысы да артқан.
Higgsfield AI – жасанды интеллект көмегімен бейне және фотоконтент жасайтын генеративті технологиялар платформасы. Стартаптың өнімін Трэвис Скотт, Мадонна, Уилл Смит сияқты әлемдік жұлдыздар және Coca-Cola, Audi, Paramount секілді ірі брендтер пайдаланады.
Компанияның негізін қазақстандық Ерзат Дулат пен Snap Inc компаниясының бұрынғы жетекшісі Алекс Машрабов қалаған. 2023 жылы жоба 50 миллион доллар инвестиция тартқан.
Digital Business мәліметінше, Higgsfield AI-дің табысы ай сайын 80 пайызға өсіп, бүгінде жылдық қайталанатын кірісі (ARR) 100 млн долларға жеткен. Мұндай көрсеткіш стартапты OpenAI-ден үш есе жылдам дамып жатқан компаниялардың қатарына қосқан.
Әлішер Шариязданов бұған дейін KPMG және PwC сияқты халықаралық компанияларда жұмыс істеген. Дегенмен ол өміріндегі басты серпілісті Higgsfield AI-де тапқанын айтады.
«Менің байлығым отбасылық бизнестен емес, өз еңбегіммен қалыптасты. Компанияның үлесін алған соң оның бағасы ай сайын өсіп келеді. Бұл – Қазақстандағы кез келген талантты жас өз еңбегімен үлкен нәтижеге жете алатынын дәлелдейді», – дейді ол.
Жас кәсіпкердің пікірінше, көптеген дарынды жас үлкен корпорациядағы “тұрақтылық батпағын” таңдап, өз әлеуетін толық аша алмайды.
«Дарынды маманның ірі корпорациядағы тұрақтылықты таңдауы қате. Higgsfield-тің ерекшелігі – даму қарқынында, тәуекел мен еркіндікте. Мұнда әркім өсуге мәжбүр. Әр қызметкер – жаһандық өнімнің тең авторы. Ал қаржылай тұрғыда Higgsfield AI нарықтағы ең тиімді шарттарды ұсынады: жалақы доллармен беріледі, ал үлес компания бағасымен бірге өседі. Тыныш өмір іздейтін адамдарға бұл жер жарамайды. Мұнда тәуекел мен нәтижені таңдағандар ғана шыдай алады», – дейді ол.
Әлішердің айтуынша, жеңіл жол болмайды, бірақ көптің бірі секілді өмір сүріп кетуден қорқыныштысы жоқ.
«22 жасымда қолымнан келетінін дәлелдедім. Ендігі 10 жылда бұл кездейсоқ емес екенін дәлелдегім келеді. Барлық талантты жасқа айтарым: Higgsfield AI – үлкен істер атқарып, өз әлеуетіңді ашқың келетін жер. Мұнда Орталық Азиядан шыққан адамдар әлемдік деңгейдегі “декакорнды” (10 млрд долларлық компания) құрып жатыр. Біз таланттарға өз әлеуетін ашуға мүмкіндік береміз. Егер бізге қосылғың келсе, Telegram-да @higgsfieldcareers-ке жаз», – дейді ол.
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы аясында Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақырады
7 сағат бұрын
-
51 тың бастама: Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бақылауды күшейту тетіктері талқыланды
8 сағат бұрын
-
Адал еңбек пен озық технология Түркістан жұртшылығы жаңа тарихи кезеңнің талаптарын талқылады
8 сағат бұрын
-
155 миллион теңгеге жабдықталған орталық: ШҚО ауылындағы мәдениет үйі танымастай жаңарды
10 сағат бұрын
-
Ағзаны үнсіз бұзатын дерт Алматылық дәрігерлер қант диабетінің қауіпті белгілерін атады
12 сағат бұрын
-
«Заң бәріне ортақ»: белсенді «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді
13 сағат бұрын
-
Қазақстан ажырасудан әлем бойынша екінші орында тұрғаны рас па
14 сағат бұрын
-
Қазақстанмен байланысы бар хакерлер Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің құжаттарын ұрлады
15 сағат бұрын
-
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын ресми түрде растады
15 сағат бұрын
-
Астанада бума-бума доллар салынған чемодандар табылды: ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталды
15 сағат бұрын
-
Баспана бағасының өсуі елді дүрліктірді: Испанияда соңғы 14 жылдағы ең ірі ереуіл өтті
16 сағат бұрын
-
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан төмендеп келеді
16 сағат бұрын
-
Қанша қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты?
16 сағат бұрын
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
17 сағат бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
17 сағат бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
17 сағат бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
1 күн бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
1 күн бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
1 күн бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
1 күн бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ғылым саласына бөлінген 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды
1 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға жұмсалған 22 миллиард теңге күтілген нәтижені берген жоқ
1 күн бұрын
-
Болгарияда аза тұту күні:86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Қытайда адам орнына еңбек ететін роботтар дәуірі басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
2 күн бұрын
-
«Тақталарды менің шеберханамның алдына түсіргенін Боқаевтың видеосынан ғана білдім» – құлпытас шеберханасының иесі
2 күн бұрын
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
2 күн бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
2 күн бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
2 күн бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
2 күн бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
2 күн бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
2 күн бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
2 күн бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
2 күн бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
2 күн бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
2 күн бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
2 күн бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
3 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
3 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
3 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
3 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
3 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
3 күн бұрын