«Самұрық-Қазына» мен Sport Qory Президент кубогының өтуіне қолдау көрсетті

Редакция
20 қыркүйек 2026, 15:31
«Самұрық-Қазына» мен Sport Qory Президент кубогының өтуіне қолдау көрсетті

Nomad Table Tennis Academy ұйымдастырған үстел теннисінен Президент кубогы өтті. Турнирдің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры.

Жарыс жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе жинауына және өз мүмкіндігін сынға салуына жағдай жасады. Қатысушылар Президент кубогында өзара бақ сынап, жарыс тәжірибесін арттырды.

Nomad Table Tennis Academy үшін Президент кубогы – үстел теннисін дамытуға және жас спортшыларды қолдауға бағытталған бастамалардың бірі. Ұйымдастырушылар мұндай жарыстар спортшыларға тәжірибе жинап, алдағы сындарға дайындалуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Академия турнирді өткізуге қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен Sport Qory спортты қолдау қорына алғыс білдірді.

Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (@samrukkazyna_official). Серіктес – Sport Qory спортты қолдау қоры.

Соңғы жаңалықтар