Алматыда Digital Almaty Халықаралық цифрлық форумы жетінші мәрте өтеді
Алматыда 2025 жылдың 31 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Digital Almaty 2025: «Industrial AI: Жаңа дәуір технологиясы» атты халықаралық цифрлық форумы өтеді.
Жетекші халықаралық алаңда ЕАЭО елдерінің инновациялық даму келешегі мен цифрлық күн тәртібін талқылау үшін ЕАЭО елдерінің мемлекеттік қайраткерлері, жетекші сарапшылар мен кәсіпкерлер бас қосады. VII форум аясында Industry 4.0 AI Battle – жасанды интеллект саласында үздік стартап үшін ауқымды сайыс, ІТ-экожүйе саласындағы жобалар туралы тәжірибе алмасып, ақпаратты бөлісетін ірі қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылар, өнеркәсіптік стартаптар, технопарктер, технологиялық компаниялардың көрмесі жоспарланған.
Digital Almaty-2025 өнеркәсіптегі түбегейлі өзгерістер мен жасанды интеллектің жаһандық индустрия келешегіне ықпалына арналады. Қазіргі кезде АІ технологиялары өндірістік процестердің тиімділігі, қауіпсіздігі және тұрақтылығының негізгі драйверіне айналып келеді. Industrial AI әлеуетін күрделі өндірістік тізбектерді автоматтандыру, болжау және оңтайландыру үшін қолдану өнеркәсіп секторын интеллектуалды басқаруда жаңа мүмкіндіктерді ашады. Цифрлық әлеммен таныстыратын екікүндік шараға 40 мыңнан аса адам қатысады деп күтіледі.
«VII Digital Almaty жасанды интеллектті өнеркәсіптік экожүйелерге; экономика мен қаржыға; ESG-ге; медицинаға, білімге және киберқауіпсіздікке интеграциялау тақырыптарын ашатын ауқымды іскерлік бағдарламаны ұсынады. Яғни, форум алаңында «ақылды» фабрикаларды дамытуды, Industry 4.0 шеңберінде жаңғырту мен автоматтандыруды қоса алғанда, өндірістерді трансформациялауға болатын AI-шешімдер ұсынылатын болады», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.
Әлемдік сарапшылар мойындаған Digital Almaty өткен жылы өз алаңында 300-ден астам спикердің басын қосты. Басқа мемлекеттер тарапынан еліміздің цифрлық шешімдеріне айтарлықтай қызығушылық бар. Бұған шет елдерден 70-ке жуық сарапшының, оның ішінде бірқатар мемлекеттің цифрландыру министрлері келіп, панельдік пікірталастарға қатысуы дәлел. Іс-шара қонақтарына арналған пікірталас алаңдарымен қатар 230-ға жуық отандық және халықаралық IT-компаниялардың, сондай-ақ цифрландыру бойынша жетекші халықаралық сарапшылардың цифрлық жобалары ұсынылған көрме жұмыс істеді.
Digital Almaty-2024 алаңы серіктестікті алға қою және цифрландыру саласында тәжірибе алмасу үшін зор мүмкіндік болды. Мұнда B2B форматында 60-қа жуық кездесу және жер қойнауын пайдаланушылар мен стартаптар арасында 50-ден астам питчинг өтті.
Форумның үш күнінде бары 30-ға жуық меморандумға қол қойылды. Freedom Holding Corp. Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясымен меморандумға қол қойды. Форум барысында Тимур Турлов «Арал теңізін қолдауға арналған Эко-карта» жобасын ұсынды. Жобаның негізгі идеясы - жойылып бара жатқан теңізді құтқару қорына 10 пайыздық кэшбек аударып отыру.
Форумның соңғы күні Digital Almaty-2024 алаңында жалпы жүлде қоры $180 000 болатын ең ауқымды Industry 4.0 Startup Battle өтті. Финалға 200 өтінім ішінен 30 стартап өтті. Олар баттл серіктестерінің жүлделі марапаттары үшін бақ сынасты. Үздік жобаларды мемлекеттік органдар, венчурлік инвесторлар, трекерлер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар (KazPetrol, Kusto Group, KazMinerals, Karachaganak Petroleum) арасынан кәсіби мамандар таңдап, қазылық етті.
Digital Almaty ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры.
Толық ақпарат алу және тіркелу үшін Almatydigital.kz ресми сайтын бақылап, жаңалықтарды қарай отырыңыз.
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығы
Өтетін күні: 31 қаңтар - 1 ақпан, 2025 жыл
Соңғы жаңалықтар
-
Kyzdar.net сайтына қатысты іс: күдікті Грузиядан елге қайтарылды
25 минут бұрын
-
Абай облысындағы ең өзекті жол мәселесі түбегейлі шешімін тапты
35 минут бұрын
-
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды
41 минут бұрын
-
Қазақстан билігі «Яндекстің» жеке деректерді қалай сақтайтынын тексереді
16 сағат бұрын
-
Құрылтайда ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды
17 сағат бұрын
-
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
19 сағат бұрын
-
Үкімет Алматы мен Астана маңындағы елді мекендердің тізімін өзгертті
19 сағат бұрын
-
Электр энергиясы қымбаттай ма: Министрлік тарифке қатысты соңғы шешімді айтты
22 сағат бұрын
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
22 сағат бұрын
-
Семейде Лениннің 15 метрлік ескерткішін бұза бастады
22 сағат бұрын
-
Қазақстанда ғылым саласына бөлінген 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды
23 сағат бұрын
-
Ғылыми жобаларға жұмсалған 22 миллиард теңге күтілген нәтижені берген жоқ
23 сағат бұрын
-
Болгарияда аза тұту күні:86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
23 сағат бұрын
-
Қытайда адам орнына еңбек ететін роботтар дәуірі басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
1 күн бұрын
-
«Тақталарды менің шеберханамның алдына түсіргенін Боқаевтың видеосынан ғана білдім» – құлпытас шеберханасының иесі
1 күн бұрын
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
1 күн бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
1 күн бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
1 күн бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
1 күн бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
1 күн бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
1 күн бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
1 күн бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
2 күн бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
2 күн бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
2 күн бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
2 күн бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
2 күн бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
2 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
2 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
2 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
2 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
2 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
2 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
2 күн бұрын
-
Қызын ернінен сүйген әкенің әрекеті қоғам талқысына түсіп, полиция тексеріс бастады
2 күн бұрын
-
Нүкістен алтын мен күміспен оралды: «NURORDA» оқушылары химия додасында жарқырады
2 күн бұрын
-
«Жапаровтың туысымын деген адамға алданып қалдым»: қазақстандық кәсіпкер Қырғызстан президентіне шағымданды
2 күн бұрын
-
Ауқатты қазақстандықтар зейнетақыдан айырыла ма: Еңбек министрлігі жауап берді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда TikTok күн сайын 15 мың видеоны бұғаттап жатыр
2 күн бұрын
-
Қысқы дөңгелекке ауыспаған 744 жүргізушіні полиция тасжолға жібермеді
2 күн бұрын
-
Алматыдағы РФММ-де балалар жаппай уланғаннан кейін директор ауысты
2 күн бұрын
-
Камераға жақындағанда жылдамдықты азайту көмектеспейді: Үш тасжолда орташа жылдамдықты бақылау басталды
3 күн бұрын
-
Польшада алты адам қаза тапқан атыс: Тоқаев көңіл айтты
3 күн бұрын
-
Шетелдік интернет-казиноларға 191 млрд теңге аударылған: қылмыстық іс сотқа жолданды
3 күн бұрын
-
Қазақстан хоккейден үшінші рет қатарынан Азия чемпионы атанды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда бизнесті қолдаудың жаңа кезеңі басталады: Кәсіпкерлерге қандай жеңілдіктер берілмек
4 күн бұрын
-
ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ ЕКІ ЖЫЛДА БІР РЕТ ӨТЕДІ
5 күн бұрын